Өз бетпердеңізді кім шешпек?

Сабырлы, сабырсыз, қарапайым, дөрекі, сыпайы, мәдениетті, мәдениетсіз, көргенсіз, сараң, жомарт, қырсық, ержүрек, батыл, жігерсіз, корқақ сынды т.б. теңеулер кез келген адамның бойынан табылуы мүмкін. Күнделікті адамдар арасында біздер аталған мінездерді жиі қолданып жататынымыз анық. Жаман мінезіміз арқылы жақындарымыздың көңілін қалдырып алып жатқан кезіміз де аз емес. Әр адам бұл өмірге тап таза жүрекпен келгенімен, мінезі анасының жатырыныда жатқанда ақ қалыптаса бастайды. Дегенмен, сол берілген мінезді жақындарымыздың жанына қаяу салмас үшін өзгертуге болады екен. Әрине, әркім өзінікін... Ол үшін өзіңізді жақсы жаққа қарай тәрбиелеп, сабырлы болуға тырысып, қырсықтығыңызды кішкене коюға талпынсаңыз жеткілікті...
Барлық ортада өзімізді арыстандай ұстап, қасқырдай көрсетіп, түлкідей қулық жасасақта, жалғыз, оңаша қалғанда кез келген адам баласының "бетпердесі" әуелі АЛЛАНЫҢ, содан кейін, "ӨЗІМІЗДІҢ" алдымызда шешілері анық. Дәл сол сәтте өзіңізді саралаңыз, күні бойғы ісіңізге, басқаларға көрсеткен мінезіңізге есеп беріңіз.
Мейлінше, "бетпердесіз" жүруге тырысыңыз. Сонда сізді өзгелер, ал, ең алдымен өзіңізді өзіңіз сыйлайтын боласыз!
