Мазмұнға өту
nazgulnaz

nazgulnaz

Сайтта 2012 ж. 20 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

114

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

4

Шыңжаң қазақтарының дәрігерлігі

АСТАНА. 27 ақпан. BAQ.KZ - Қазақ дәрігерлігінің түп тамыры тереңде болғанымен, қағаз бетіне таңбаланған дәрігерлік шежіреміз мардымды емес. Ежелгі қазақ қалаларына жасалған зерттеулер нәтижесінде Ясы, Тараз, Отырар қалаларының ауыз суды тазартатын сүзгі құбырларды пайдаланғаны анықталған. Қазақ даласынан табылған 6-7 ғасырлардағы адам қаңқасынан сүйекке жасалған күрделі операциялардың іздері байқалған. «Әл-Фараби медицина саласында «Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған зерттеме», «Темперамент туралы» деген еңбектер жазған. Онда негізінен медицинаның ғылыми мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады.Фарабидің артынан ілесе шығып, жолын қуған шәкірттері көп болды. Олардың ішінен ең алдымен Орта Азияның…

0
0
4468

Бейжіңдегі ағайындар қазақтың той салтынан қойылым қойды (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. 26 ақпан. BAQ.KZ – Жақында Қытайдың ұлттық мерекесі Шаған 10 ақпаннан бастап бір апта бойы тойланған болатын. Мемлекеттік мерекеге сондағы барша ұлт атсалысады. Бейжіңдегі қазақтар да қытайдың төл мерекесінде қазақ мәдениетін танытуға күш шығарды. Қытайдың астанасында орналасқан «Ұлттар» баспасының қызметкерлері қазақтың той салтын қойылым ретінде көрермендерге ұсынды. Қос ішектен күмбірлете күй төгілткен мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын бейжіңдік ағайындардың қойылымына «Ұлттар» баспасының зейнетке шыққан қызметкерлері де қатысып, ақ кимешегін киіп, шашуын шашты. Қазақтың үйлену тойының барысын сахнада толықтай көрсете білген баспагерлер беташар айтып, Қаражорға биіне басыпты.Айта кетейік, ұлт болашағын ұлы мұрат еткен Қытайдың астанасында орналасқан «Ұлттар» баспасының қазақ…

0
0
687

ОҚО-да университет қызметкері күн энергиясымен жүретін көлік құрастырды

Астана. 27 ақпан. Baq.kz Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ге қарасты арнайы мамандандыру орталы­ғының қызметкерлері күн энергиясымен жүретін көлікті құрастырып шығарды. Қол күшімен құрастырылған машина негізгі қуатты күннен алады. Яғни, төбесіне орнатылған арнайы құрылғы арқылы энергияны аккумуляторға жинайды. Содан кілтті бұрап, көлікті қозғалысқа түсіруге толық мүмкіндік бар Бас құрастырушы – Сатылмыш Чайыр. Қазіргі кезде ол арнайы мамандандыру орталығында дәріс береді. Уақытты босқа өткізбеуге дағдыланған маман қолы қалт еткенде қоғамға қажетті дүниені жасауға ұмтылады.– 1930 жылы шыққан маши­на­лардың суретіне қарап отырып құрастырдық. Негізгі мақсатымыз ескі көлікті жаңа технологиямен жарақтандыру болды. Күн энергиясын қабылдайтын құрылғыны Қытайдан, ал аккумуляторды Ита­­лиядан алдырдық. Сап…

0
0
615

Тағдыры тарих, ұлағатты әже — Әпуза

АСТАНА. 26 ақпан. BAQ.KZ – Тарыдай шашыраған қазақ халқының қилы тағдыры күн өткен сайын ұрпаққа мәлім болып, айқындалып келеді. Біздің әңгімеміз аумалы-төкпелі заман куәгері Советтер одағы Моңғол достығының дәнекершісі, екі елдегі ағайын-туысты табыстырып қуанышқа бөлеген қазір жасы жетпістің бел ортасына келген Ресей мемлекетінің Алтай Республикасы Қосағаш ауданы Жаңа ауыл селосының тұрғыны, ауылының ақылманы, көптің көзайымы болған әншісі де сыйлы да сымбатты әже Әпуза Әміреқызы туралы болмақ. Ол 1937 жылы 16 сәуірде Қосағаш ауданының бір кезде Қазақ селосы атанған Ақтал ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстанда туған әкесі Әміре Әпузаның төрт айлығында жазықсыз тұтқындалып, сол жылы қазан айының 27-сінде Қызылөзек деген жерде атылғанын «Звезда Алтая» газетінен оқып біледі. Шешесі қар…

0
0
1768

Қытай қазақтары жаңадан құрылған IKAZAKH.COM сайтын қолдана бастады

АСТАНА. 26 ақпан. BAQ.KZ – Жақында Қытайдың қазақ тілді сайттарының қатарына iKazakh.com деп аталатын жаңа сайт келіп қосылды. Сұрақ-жауап сайты ретінде дүниеге келген «iKazakh»-ты құрған Бейжіңдегі Қытай Орталық телеарнасы сайтының қазақ бөлімін жүргізуші Еркебұлан Мүтәнұлы атты азамат болып шықты. Жаңадан жұмысын бастап жатқан сайттың жетекшісіне қоңырау шалдық. –Қазақстандағы сұрақ-жауап сайтын үнемі көріп жүретінмін. Қытайдағы қазақтарға да осындай бір сайттың жетіспейтіні мені жиі мазалап жүрген болатын. Сондықтан, осындағы қазақ сайт қолданушыларына ғылым мен білім жағынан сауат беру мақсатында «iKazakh»-тың дүниеге келгеніне санаулы күндер ғана болды. Сайттың ұраны – «Сұраған біліп алар, сұрамаған құр қалар!» деп аталады, – дейді Еркебұлан. Сайт құрушысының айтуынша, біріншіден «iK…

0
0
1470

Нәзірдің сыны – Сәкеннің жауабы

Астана. 26 ақпан. Baq.kz-Назарларыңызға ұлтымыздың қос арысы – Нәзір Төреқұлов пен Сәкен Сейфуллиннің әдебиет саласына қатысты өзара тартыстары туралы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері Назгүл Сапиянованың зерттеу мақаласын ұсынып отырмыз. Осы әдеби пікірталастардың көп жағдайда саяси астар алып кететіні де жасырын емес. Аталған мақала қос арыстың бұрын көпшілікке беймәлім қырларын аша түседі, сонысымен де қызықты. Сондай-ақ, редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келе бермеуі мүмкін екенін де еске саламыз.Редакциядан Нәзір Төреқұлов Сәкен Сейфуллиннің «жеке сыншысы» деген тарихи атпен танымал. Ол Сәкеннің 1922 жылы Орынборда шыққан «Асау тұлпар» өлеңдер жинағын сынауымен полемика жанрының көшбасы болды. Сыни пікір талқысы, оның абырой-беделінің дең…

0
0
2844

Қазақ рулары

Ертеректе қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы айтты деген әңгіме құлағымда еміс-еміс. Ол кісі ғаламат стратег, асқан батыр, кемеңгер ойшыл және білімпаз ғана емес, әскеріндегі жауынгерлерінің көңіл күй ауанын жазбай танитын керемет психолог та көрінеді. Баукең бірде сарбаздарын шабуылға бастап бара жатып, жау тарапынан кескілескен қатты қарсылыққа тап болыпты. Бір қадым алға басу мұң. Қарсы беттен жаңбырша жауып тұрған оқ бас көтертер емес. Солдаттар командирлерінің мұнан да зор қауіп төніп тұрса да, жаңбырша жауған оқтың астынан кірпік қақпай, тікесінен-тік жүре беретінін біледі. Бірақ, әркімнің жаны өзіне ыстық, ешкімнің де Баукеңенің өнегесіне еріп, орнынан атып тұрып, шабуылға тұра жүгірер түрі жоқ. Сонда Баукең батыр қолсозым жерде оқтан жасқанып, басын көтере алмай жатқан қазақтың…

0
0
7741

Құсбегіліктің құпиясы

АСТАНА. 18 ақпан. BAQ.KZ – Сонау ықылым заманнан қолында қыран ойнатқан халқымыз оның қыр-сырына үңіліп, қызығына бата білгені анық. Тарихи деректерге сүйенсек құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған екен. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақсұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы Құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші…

1
0
1777

Түркілер мен тәңіршілдік

Астана. 15 ақпан. Baq.kz- Ғалымдар жер бетіндегі ең бірінші дін «тәңіршілдік» болуы мүмкін деген пікір айтады. Бұл, бірақ, дәлелденбеген ақиқат. Әйтпесе, оған мысал шаш-етектен жетіп артылады. Мәселен, «Алтын Орда» мемлекеті адамзат тарихында неге ең ұзақ жасаған империя болды (250 жыл)? Оның басты себептерінің бірі –тәңіршілдікте. Тәңіршіл Шыңғысхан қаһан (моңғолдар сияқты Будда емес-авт.) жер бетіндегі діндердің бәрі Тәңір дінінен тарайды деп түсінгендіктен, отарлап алған елдің дініне тиіспеген. Қайта дін адамдарына қолдау көрсетіп, оларды салықтан босатқан. Бүгінде Шыңғысхан айтты деген мынандай сөз бар: «Әр түрлі діннің адамдары бәрі тату-тәтті бірге тұрады. Біз бұрынғыдай қайтадан бауырлас адамдарға айналамыз». Шыңғысхан кемеңгер болмаса мұндай данышпандық сөзді айтар ма еді? Бұған д…

0
0
2361

Челябнскіде метеорит жаңбыры терезелерді сындырды (ВИДЕО)

АСТАНА. 15 ақпан. Baq.kz - Челябинск облысында метеорит жаңбыры жауды. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Урал аймақтық орталығына сілтеме жасай отырып, ИТАР-ТАСС ақпараттық агентігі хабарлады. «Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қала тұрғындары көрген «от жалындар» метеорит жаңбыры әсерінен болуы ықтимал» деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі. Табиғи құбылыстың салдарынан аймақ бойынша өрт тіркелмеген. Урал федералды округының құқық қорғау органдары берген ақпаратқа сәйкес, метеорит жаңбырлар салдарынан кейбір үйлердің терезелері ғана сынған. Ал зардап шеккендер жайлы ақпараттар жоқ. Сондай-ақ, қала тұрғындары «әуе апатына» балаған жарқылдардың табиғи құбылыс екенін анықталып, ешқандай ұшақтың құламағаны расталған.Метеорит жаңбыры - үлкен метеориттердің аспаннан жер бетін…

0
0
434