Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ, қытайтанушы-ғалым: Қытайда Қазақстанды зерттейтін 20-дай ғылыми орталық бар
Аға, қазіргі халықаралық саясатта біздің ел көпвекторлы саясатты ұстанып отыр. Сіз қытайтанушы ғалым ретінде ханьзу ұлтының Қазақстанға есеп-қисапсыз мыңдап, миллиондап келуінен сақтану қажет деп ойлайсыз ба? – Халықаралық саясатта Елбасымыз ұстанып отырған бағыт өте дұрыс. Батыста – Америка бастаған дамыған елдермен қарым-қатынасымыз жылдан-жылға дамып келе жатыр, Солтүстігімізде бұрыннан өзіміздің көршіміз – Ресеймен, Шығысымызда Азияның алып елдерінің бірі – Қытаймен қарым-қатынасымыз жақсы. Бірақ, Қытаймен көршіліктің, тату-достықтың басқамен салыстыруға келмейтін жіңішке әрі өте нәзік тұстары бар. Мысалы, Америка өзінің Жер шарына қожа болу пиғылы арқылы саясат жүргізуі мүмкін, Ресейдің де Кеңестер Одағы кезіндегі өзінің дегенін жасатып, уысынан шығарғысы келмейтін империял…