Қазақ журналистикасының тарихы қанмен жазылған
Астана. 7 наурыз. Baq.kz-Тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы Бейбіт Қойшыбаев басқаратын «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы кеңестер заманында қуғын-сүргінге ұшыраған 125 журналисті анықтапты. Осы қоғамның зерттеулерінен Қазақ журналистикасының тарихы о бастан-ақ қанмен жазылғанын көреміз. – Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан соң, патша жарлықтарын қазақтарға түсінікті тілде жеткізіп тұру үшін 1870 жылы Ташкентте «Түркістан уәлаятының газеті» ашылды. Ол 12 жыл бойы шығып тұрды. Қыр қазақтары үшін 1888 жылы Омбыда «Дала уәлаятының газеті» ашылып, 14 жыл шықты. Отарлаушы үкімет бұл басылымдарды қазақты басқарудың бір құралы ретінде қолданылды. Алайда, ұлт зиялылары осы мүмкіндікті ұлтты ұйыстыру, елдік мүддені қорғау үшін тиімді пайдалана бастағанын сезген патша әкімшілігі газетті жаб…