Ашыққан қазақтарға Кеңес үкіметі мен Сібір орыстары ерекше жауыздық жасаған
Астана. 2 сәуір. Baq.kz- Кеңестер үкіметі құлап, оның құрамындағы республикалар тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Новосібір облыстық мемлекеттік мұрағатының «Құпия», «Аса құпия», «Айрықша пәпкі»-лерінің бірқатарының бауы тарқатылды. Бірақ, ақиқаттың ашылуы қызыл империяның мұрагері РФ-ға абырой әпермесін білген орыс билігі ол құжаттарды қайта «құлыптап» тастады. Бірақ, жариялықтың желігімен 1-2 жыл болса да, ізденушілердің «құпия құжаттардың» шет жағасын көріп қалды. Соның арқасында бәлшебектердің біраз «масқаралары» әшкере болды. Кеңес үкіметінің қазаққа жасаған қастандығы туралы көп дерек осы мұрағаттан табылды. РФ Журналистері Одағының мүшесі, ІІМ доғарыстағы (отставка) подполковнигі Александр Агалаков қолындағы деректерге сүйене отырып, ол кезде Қазақ АССР-інде 6,2 миллион адам болған…