Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Максим Никулин Қазақ циркіне «өзіндік стиль» табуға кеңес берді

АСТАНА. 3 сәуір. Baq.kz - «Никулин на Цветном бульваре» Мәскеу циркінің бас директоры, әрі көркемдік жетекшісі Максим Никулин Қазақ циркін басқаларға еліктемей, өзіндік стилін ойлап табуға шақырды. Бұл туралы ол «Никулин циркі» көрсетілімінің баспасөз конференциясында айтқан болатын.

Максим Никулиннің пайымдауынша, қазақстандық циркті басқаларымен салыстырудың қажеті жоқ, себебі әр қайсысының өзіндік жолы бар. Ол қазақ циркіне ел тарихын, мәдениетін, салты дәстүрін негіз ете отырып, стилін ұлттық нақышта жасауға кеңес берді. 

Сондай-ақ, Юрий Никулиннің ұлы бүгінде цирк театралды сарында дамып, рекордттар мен шеберлік әдістердің азайып баратынын алға тартты. 

Юрий Никулин циркі Алматыда 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында өнер көрсетеді.

 
0
0
526

Осы тақырып бойынша

Максим Никулин Қазақ циркіне «өзіндік стиль» табуға кеңес берді - Yvision.kz