Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

Арзан жеміс әлеуметтік дүкенде сатылады

Қызылордада 5 әлеуметтік дүкен ашылды. Сауда орындарында көкөніс және жеміс-жидек өнімдері базар бағамынан арзан сатылады. Жалпы облыс аумағында осындай 17 нысан жұмыс істеп тұр. Жаңа дүкендердің ашылуымен өнімдердің бағасы тұрақталып, жұртшылықтың арзан азыққа деген сұранысы артты. Әдетте қыс айларында бағасы қымбаттай түсетін көкөністер мен жеміс-жидектерге деген сұраныс артқан. Облыс орталығында төмен бағада өнімдер сатылатын дүкендер желісі іске қосылды. Сауда нүктелерінде таң сәріден бастап тұтынушылар қатары көп. Бүгінде мұнда әлеуметтік маңыздағы азық-түліктер базар бағамынан 15-20 пайызға арзан сатылуда. Сейілхан Бижанов, Қызылорда қаласының тұрғыны -Осы жерге келіп, күнделікті пайдаланатын азық-түлігімізді алып тұрамыз. Картопты 85 теңгеден алып отырмыз. Басқа дүкендерде 150-145-…

0
0
497

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында өткен жылы атқарған қызметі қортындыланды

Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының жалпы егіс көлемі 21,5 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 15,3 млн. га, сондай-ақ бидай – 12,4 млн. га орналастырылды. Соңғы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 699 мың га кемісе, майлы дақылдар алқабы керісінше артып 2,3 млн. га құрады. 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстар әкімдіктері, «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Казагроинновация» АҚ арасында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдарға қой қойылғандығын еске саламыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикада қант қызылшасы мен картопты санамағанда барлық дәнді дақылдар бойынша меморандумдағы индикативті көрсеткіштерге қол жеткізілді. Осылайша, бидайға арналған егіс алқаптары 2,4 млн. га қысқарды. Қабылданған шаралар бида…

0
0
594

АШМ-нің кеңейтілген алқа отырысында өткен жылдың жұмысын қортындылайды

2015 жылдың 29 қаңтарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы агроөнеркәсіп кешенінің даму нәтижелері мен үстіміздегі жылдың міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
Өткізу орны: Астана қ., Кенесары көш, 36, ҚР АШМ-нің мәжіліс залы.
Басталуы сағ 15:00-де.
Аккредитациядан ү.ж. 28 қаңтар күні сағ 18.00-ге дейін 555-765 байланыс телефоны немесе e-mail: [email protected] арқылы өту қажет.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
e-mail: [email protected]
www.minagri.gov.kz

 

http://mgov.kz/kz/informatsionnoe-soobshhenie-6/

0
0
298

Қазақстанның құс фабрикаларына жем арзан бағада беріле бастады

Қазақстанның алпысқа жуық құс шаруашылығы фабрикалары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және облыс әкімдерімен жемге арналған коммерциялық ресурстар бойынша арзандатылған астық жеткізуге уағдаластық жасады. Бұл туралы «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Құс фабрикаларымен жасалған келісімдер Қазақстан құс өсірушілер одағы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің айқындаған мөлшері бойынша жүзеге асты. Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, қазақстандық құс фабрикалары төртінші сыныптағы 215 мың тонна астықты тоннасын 37 мың 500 теңгеден еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қоймалардан ала бастайды. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, құс фабрикаларының 2015-2016 жылдардағы құрама жемге сұранысы 573 мың тонна бид…

0
0
338

Ауыл шаруашылығын оң өзгерістер күтеді

Екі жылдан бері, Ауыл шаруашы­лығы министрі С.Мамытбековтің көтеріп жүрген мәселелерінің бірі де бірегейі, ол ауыл шаруашылығының өнім өндірушілеріне мемлекеттен материалдық және қаржылық жәрдем берудің оңды да тиімді жолдары, оларға тікелей қаржылай жәрдем бергеннен, шығындарының едеуір бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен төлеп беру болатын. Енді міне, былтыр осы мәселе оңды шешімін тау­ып, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысы қабылданды, сөйтіп, ауылшаруашылық кешендері субъектілері шығындарының біраз бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен төлеп берудің жаңа ере­жесін бекітті. Бұл қағидалар «Агро­өнеркәсіптік кешенді және ауыл­дық аумақтарды…

0
0
377

Қармақшылар қармаққа түсті

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары 3 автокөлік мінген 8 жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеріс барысында қоянның 129 ұшасы, 4 аңшы мылтық пен 3 жарық салғыш тәркіленді.
Заңсыз қоянды аулағаны үшін 5 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қарастырылып отыр. Жалпы көлемде браконьерлер шамамен 1 млн. 300 мың теңге төйлеуі тиіс.
Қазіргі таңда аталмыш факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
ҚР АШМ баспасөз хабарламасы
+7 (7172) 55-57-65
W: www.minagri.gov.kz
E: [email protected]

 

http://mgov.kz/kz/pogoreli-na-zajtsah/

0
0
331

Оңтүстік Қазақстан облысының күркетауығы ТМД-да үздік деп танылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Қазақстан облысының күркетауығы ТМД-да үздік деп танылды. Бұл туралы ет өнімдерін шығаратын «Ордабасы құс» оңтүстікқазақстандық компаниясы қатысқан АҚШ-тағы халықаралық байқауда белгілі болды. «Шетел сарапшылары өнімнің өндірісі мен сапасына қатысты инновациялық қадамды бағалады. Бұл награда біз үшін өте маңызды. Біздің диеталық етімізді тамақ талғампаздарының бағалағаны қуантарлық жайт. Бір жағынан, біз сенімді болдық, себебі тауықтарға біз өз шаруаларымыз өсірген бидай, жемді береміз. Өз жүгерімізді, соямызды, өз өсімдік майымызды пайдаланамыз», – деді құс кешенінің директоры Мұрат Тағаев. Оның айтуынша, күркетауықтарға жемді өздері дайындайды. Сапалы шикізат, жүктеме мен қайта өңдеу барысын қатаң бақылау нәрлі ет алуға мүмкіндік береді. Дайын өнімді компа…

0
0
285

Қазақстан астыққа экспорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отырған жоқ – ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресейдің астық экспортына шектеу енгізуі Қазақстанның бұл бағыттағы саясатына әсер етпейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» сауалына жауап беру кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарланды. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, РФ тарапы 2014 жылы 104,9 млн. тонна көлемінде астық жинап, бұл өз кезегінде экспорттық әлеуетті 28-30 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкін берді. Осы елдің биылғы экспорттық әлеуеті 2013/2014 маркетингтік жылына қарағанда 3,3-5,3 млн. тоннаға артық болды. Осы орайда ағымдағы маусымның басынан (2014/2015 маркетингтік жылы) жаңа егін астығының үлкен ұсынысын ескере отырып, ресейлік астықтың экспортқа бағытталуының жоғары қарқыны байқалуда. Атап айтқанда, 2014 жылғы желтоқсанның ортасына қарай экспортқа 21 млн. тоннаға жуық астық шығарылып, бұл 2013…

0
0
266

Қазақстанға бұрынырақ аусыл бойынша жабылған облыстардан Ресейге ет экспорты ашылды

2014 жылдың 19 желтоқсанында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзордан Қазақстан Республикасының аумағы аусыл бойынша таза қолайлы аймақ туралы қорытынды алды. Бұл қазақстандық және ресейлік қызметтердің тиімді әрі өзара әрекеттесу жұмыстарының және Халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) жәрдемдесуінің арқасында мүмкін болып отыр. ХЭБ-пен белгіленген өлшемдерге сай Қазақстандағы аусыл бойынша эпизоотикалық жағдай тұрақты. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда КО шеңберінде мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы, Жамбыл, Қызылорда Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарының аумақтарында буферлік аумақ құрылды. Осылайша, осы аймақтардан республиканың басқа облыстарына және Ресейге жануарлардың қозғалысы…

0
0
288

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұрынырақ Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған. Анықтама: Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қ. дүниеге келген. 1998 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген. Әр жылдарда Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, «Нұр Отан» ХДП, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, «Ертіс» ӘКК» ҰҚ басқарма төрағасы болды. ҚР АШМ баспасөз қызметі Тел.: 555-765 e-mail: [email protected] www.minagri.gov.kz http://mgov.kz/kz/naznachen-novyj-vitse-ministr-selskogo-hozyajstva-res…

0
0
256