Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның құс фабрикаларына жем арзан бағада беріле бастады

Қазақстанның алпысқа жуық құс шаруашылығы фабрикалары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және облыс әкімдерімен жемге арналған коммерциялық ресурстар бойынша арзандатылған астық жеткізуге уағдаластық жасады. Бұл туралы «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Құс фабрикаларымен жасалған келісімдер Қазақстан құс өсірушілер одағы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің айқындаған мөлшері бойынша жүзеге асты. Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, қазақстандық құс фабрикалары төртінші сыныптағы 215 мың тонна астықты тоннасын 37 мың 500 теңгеден еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қоймалардан ала бастайды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, құс фабрикаларының 2015-2016 жылдардағы құрама жемге сұранысы 573 мың тонна бидай, 58 мың тонна арпа, 64 мың тонна жүгері. Ал Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шариповтың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Үкіметте дайындалып жатқан заң жобасына сәйкес, қазақстандық құс шаруашылығы фабрикаларына мемлекеттік бекітілген бағамен жем жеткізу сұраныстың 50 пайызына дейін қамтылатын болады.

   

http://mgov.kz/kz/kazahstanskie-ptitsevody-poluchat-bolee-200-tys-tonn-udeshevlennogo-zerna/

 
0
0
339

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның құс фабрикаларына жем арзан бағада беріле бастады - Yvision.kz