Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Келісіп пішкен тон келте болмас

Алдағы болатын әскерге шақыру науқанына байланысты Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштер психологтарының оқу-әдістемелік жиыны өтті Жиын жұмысына Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев қатысты. Шараны ұйымдастырушы – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті алда болатын әскерге шақыру науқаны кезінде әскери психологтардың іс-қимылдарын жүйелі әрі үйлесімді ұйымдастыруды жиынның негізгі міндеті ретінде қарастырды. Қорғаныс министрі бекіткен азаматтарды мерзімді қызметке шақыру шаралары жөніндегі Кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі – әскерге шақырылған азаматтарды кәсіби іріктеуден бастап әскер қатарында болып бейімделуден өткенге дейін дұрыс ұйымдастырылған, кезең-кезеңімен жоспарланған психологиялық жұмыс шараларын жүзеге асыру болып табылады.…

0
0
797

Барлаушы-жауынгерлер жорыққа шықты

Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшілері автокөлікпен жүз шақырымдық марш жасады. Бұл жорық әскерлердің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілді.Бір күндік мерзім ішінде барлаушы жауынгерлер жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен десантшылардың тұрмысын қамтамасыз ете алатын қажетті элементтерді қамтыған далалық лагерь құрды. Аталған жиындарды өткізудегі негізгі міндет арнайы дайындықтағы барлау іс-қимылдарын жүргізуде кәсіби біліктілікті жетілдіру болып отыр. Атыс дайындығы және жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша оқу сабақтарынан тек келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ғана емес, командалық құрамның толықтай қатысқандығын атап өткен жөн. Қысқы кезеңде далалық жаттығуларды ұйымдастыру жазғы кезеңге қарағанда екі…

0
0
1009

Инженер-саперлер далалық жаттығуларда

Алматы облысындағы инженер әскерлерінің «Берег» оқу орталығына Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы әскерлер Бас басқармасына қарасты инженерлік-саперлік батальоны келіп жетті. Оқу орталығына дейінгі аралыққа жорық жасап келген батальон жеке құрамы келе салысымен жауынгерлік әзірлік жұмыстарына кірісіп кетті. Офицерлер үшін далалық жаттығулар бөлімшеге техниканы пайдалану арқылы тапсырма беруге, қолда бар тәжірибелерін жетілдіре түсуге мүмкіндік жасайды. Полигондағы жұмыстар командирлерге бөлімдер мен есептоптардың өзара іс-қимылын басқару бойынша жинақтаған тәжірибелерін іс-жүзіне асыруға септігін тигізеді. Сержанттар жоғарғы командирлердің берген бұйрықтарын қабылдауға, өз қарамағындағыларға тапсырма беруге, инженерлік қару-жарақты дұрыс пайдалана білуге машықтанады. Сарбаздар далалық күрдел…

0
0
696

Жеңімпаздар анықталды

Астанада Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері арасында шаңғымен жарыстан чемпионат өткізілді. Чемпионатқа 34 команда қатысып, 140 әскери қызметші жарыс жолына шықты. Чемпионат жалауы астаналық мәдениет және демалыс паркінің шаңғы жарысы жолында көтерілді. Талап бойынша ерлер бес, әйелдер екі жарым шақырым қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс. Жарысты ұйымдастырып, өткізуге Армия орталық спорт клубы – Спорт комитеті мұрындық болды. – Жарысқа қатысушылар отызға дейінгі және отыздан жоғары жастағы офицерлер, келісім шарт бойынша әскери қызметшілер, әйел әскери қызметшілер болып төрт санатқа бөлінді,- деп түсіндірді АОСК Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі басқармасының өкілі подполковник Талғат…

0
0
373

Міндет — жемқорлықпен ымырасыз күресу

Бүгін Қорғаныс министрлігінде биыл бірінші рет Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі Комиссияның отырысы болып өтті. Оған Комиссияның төрағасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев басшылық жасады. – Біздің міндетіміз құқық бұзушылықтың алдын алу, жемқорлықты болдырмау, жүйелік алдын алу жұмыстарын түзету, – деді ол. Соңғы үш жылда әскерлерде жемқорлықпен күрес жанданып, қылмыстардың төмендеу динамикасы байқалды. Өткен жылы алдағы жылдармен салыстырғанда олардың саны 43 пайызға кеміді. Бірақ, бұған тоқмейілсуге себеп жоқ, деп атап өтті өз баяндамасында Қарулы Күштер Бас әскери полициясының бастығы полковник Тимур Дәндібаев. – Жұмысты жалғастырып, жемқорлық құбылыстарды Қарулы Күштер қатарынан түбірімен аластату қажет. Ком…

0
0
524

Әскери өнерпаздар Кремль сахнасында

Бүгін Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында ресейлік эстрада жұлдыздарымен бірге Қазақстан армиясының әскери қызметшілері өнер көрсететін болады. Олар Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі вокалдық тобының әншілері Мәскеуге Ресей Федерациясы Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың шақыруымен барды. «Ансамбль әртістерінің концертке қатысуы біздің екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері арасындағы жауынгерлік ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеріне сенім білдіремін» делінген Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековке жолданған Сергей Шойгудың хатында. Қазақстан атынан Ресейлік әріптестерін Кремль сарайының сахнасында Отан қорға…

0
0
411

Тәрбиеші-офицерлер жиыны

Мерке гарнизоны мотоатқыштар бөлімшесі базасында батальон командирлерінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларының үшкүндік жиыны аяқталды. Жиын жұмысына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінің тәрбиеші-офицерлері тартылды. Әскери ұжымдарда оң моральдік ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, сарбаздардың бойына жауынгерлік рух пен Отансүйгіштік сезімін сіңіру тәрбие құрылымдары офицерлерінің міндеттерінің бірінен саналады. Тәрбиеші-офицердің негізгі жұмыс құралы – сөз және сендіру. Өз қарамағындағыларды оқытып-үйрету үшін тәрбиешілердің өзі шыңдалған әрі әскери іс туралы барлық сұрақтарды бес саусағындай білуі қажет. Жиын барысында батальон командирлерінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары әскери пәндерден білім деңгейлерін тексерді. Атыс, саптық, тактикалық…

0
0
601

Ерлікке тағзым-әркімнің міндеті

Семей гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласынан Ауғанстанға борышын өтеуге аттанған интернационалист- жауынгерлерді еске түсіруге арналған акция өткізді. Шара әскерлердің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ойластырылды. «Интернационалист-жауынгерлер» ескерткішінің алдына ауған жерінде болған жауынгерлер, қайтыс болған сарбаздардың ата-аналары, Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының тәрбиеленушілері, студенттер мен оқушылар жиналды. Әскерлерді Ауғанстаннан шығарудың 24 жылдығына арналған гүлдестелер қою рәсімін Семейдегі Ауғанстан соғысы ардагерлер ұйымы, Семей қаласы әкімшілігі ұйымдастырды. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Самат Төлепаев басшылық жасады. Шара соңы концертке ұласты. Концертте «Шығыс» өңірл…

0
0
794

Әскерге шақыру жоспары бекітілді

2013 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Кешенді жоспарын бекітті. Аталған құжат жастарды Қарулы Күштер қатарына шақыруды сапалы өткізу және әскери қызметті пәрменді насихаттау мақсатында жасалынды. Кешенді жоспарда медициналық куәландыру, идеологиялық және психологиялық жұмыстар, нормативті-құқықтық қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Жоспардағы әскерге шақыру науқанын сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға Қарулы Күштердің барлық құрылымдық бөлімшелері тартылған. Әскерге шақыру басталғанға дейін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда уақытша және тұрақты қызмет көрсететін медициналық комиссиялар құрылады. Қазір медицина қызметкерлері өз жұмыстарына қажет медициналық…

0
0
595

Қазақстан-Италия: қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту

Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасында алғашқы ресми сапармен жүрген Италия қорғаныс ведомствосының басшысы адмирал Джампаола Ди Паоланың кездесуі болып өтті. Келіссөздер барысында Әділбек Жақсыбеков: «Біздің елдер арасындағы екі жақты диолог тек экономикалық тұрғыда ғана емес, саяси салада да әріптестік пен өзара тиімді мүдделестік сипатында ерекшеленіп отыр. Бұл Қазақстан мен Италия басшылығы арасындағы сенімді және достық қарым-қатынастардың жемісі, – деп атап өтті. Бүгінгі кездесуде тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласын өркендету, әскери техниканың жаңа үлгілерін, бақылау және байланыс жүйелерін сатып алу, құрлық әскерлерінің бірлескен өз…

0
0
416