Тәрбиеші-офицерлер жиыны
Әскери ұжымдарда оң моральдік ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, сарбаздардың бойына жауынгерлік рух пен Отансүйгіштік сезімін сіңіру тәрбие құрылымдары офицерлерінің міндеттерінің бірінен саналады. Тәрбиеші-офицердің негізгі жұмыс құралы – сөз және сендіру. Өз қарамағындағыларды оқытып-үйрету үшін тәрбиешілердің өзі шыңдалған әрі әскери іс туралы барлық сұрақтарды бес саусағындай білуі қажет.
Жиын барысында батальон командирлерінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары әскери пәндерден білім деңгейлерін тексерді. Атыс, саптық, тактикалық дайындықтар Жамбыл облысының «Мөңке» полигонында өткізілді.
– Тәрбиеші-офицерлер сарбаздарды сендірумен қатар, атудан, жауынгерлік машиналарды жүргізуден, сапта жүруден, тактика және стратегия сұрақтарынан хабардар болуы тиіс. Себебі жеке үлгі – жас сарбаздарға әсер етудің ең тиімді тәсілі,- деп атап өтті жиын жұмысына басшылық жасаған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
