Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инженер-саперлер далалық жаттығуларда

Алматы облысындағы инженер әскерлерінің «Берег» оқу орталығына Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы әскерлер Бас басқармасына қарасты инженерлік-саперлік батальоны келіп жетті. Оқу орталығына дейінгі аралыққа жорық жасап келген батальон жеке құрамы келе салысымен жауынгерлік әзірлік жұмыстарына кірісіп кетті.

Офицерлер үшін  далалық жаттығулар бөлімшеге техниканы пайдалану арқылы тапсырма беруге, қолда бар тәжірибелерін жетілдіре түсуге  мүмкіндік жасайды. Полигондағы жұмыстар командирлерге бөлімдер мен есептоптардың өзара іс-қимылын басқару бойынша жинақтаған тәжірибелерін іс-жүзіне асыруға септігін тигізеді.

Сержанттар жоғарғы командирлердің берген бұйрықтарын қабылдауға, өз қарамағындағыларға тапсырма беруге, инженерлік қару-жарақты дұрыс пайдалана білуге машықтанады. Сарбаздар далалық күрделі жағдайда техниканы дұрыс пайдалана білуді, инженерлік тапсырмаларды мүлтіксіз орындай білуді үйренеді.

Батальон бойынша әзірленген тактикалық және арнайы тактикалық дайындықтар  тактикалық жағдайда жүзеге асырылды. Барлық оқу-жаттығы сұрақтарын жүзеге асыру белгіленген норматив бойынша орындалды.

Нормативтерді әртүрлі мамандықтар бойынша орындау нәтижесінде  ең үздік командирлер мен есептоп бастықтары анықталды. Екі апта бойы әскери қызметшілер жерді инженерлік барлау тәжірибелерін шыңдады, алғы шептер мен позицияларды, кедергілер мен бөгеттерді фортификациялық құралдармен жабдықтаудың сан түрлі тәсілдерін үйренді.

Осы аралықта олар инженерлік бөгеттерді ұстап тұру одан өте білу, ағысы қатты Іле өзенінен кедергілер арқылы десант өткізуді, нысандар мен қажетті жерлерге мина қою әдістерін, сондай-ақ арнайы әскерлер өкілдері, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтауды жөнінде практикалық сұрақтарды жүзеге асырды. Жүргізуші, механик-жүргізуші жеке құраммен доңғалақты және шынжыр табанды техниканы жүргізудің қыр-сырлары тәжірибе жүзінде пысықталды. Түнгі жұмыста түнде көру приборлары қолданылды.

Батальонның далалық жаттығуларда алдына қойылған тапсырмалары  толық орындалды. Инженерлік қамтамасыз ету бойынша қойылған шараларды өткен жылы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің  сарбаздары жүзеге асырғанын атап өткен жөн.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
694

Осы тақырып бойынша