Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Барлаушы-жауынгерлер жорыққа шықты

Барлаушы-жауынгерлер жорыққа шықтыҚазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшілері автокөлікпен жүз шақырымдық марш жасады. Бұл жорық әскерлердің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілді.
Бір күндік мерзім ішінде барлаушы жауынгерлер жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен десантшылардың тұрмысын қамтамасыз ете алатын қажетті элементтерді қамтыған далалық лагерь құрды.

Аталған жиындарды өткізудегі негізгі міндет арнайы дайындықтағы барлау іс-қимылдарын жүргізуде кәсіби біліктілікті жетілдіру болып отыр. Атыс дайындығы және жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша оқу сабақтарынан тек келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ғана емес, командалық құрамның толықтай қатысқандығын атап өткен жөн.

Қысқы кезеңде далалық жаттығуларды ұйымдастыру  жазғы кезеңге қарағанда екі есе қиынырақ. Мұндай жағдайда бөлім басшылығы үшін басты тапсырмалардың бірі жеке құрамның денсаулығы мен өмірін сақтау болып табылады. Командирлер үшін жеке құрамның мүліктері құрғақ па, пеш жанған ба, қосмыша ағаш отын бар ма осының бәріне көз жеткізу өте маңызды.

– Қысқы далалық оқу-жаттығулары кезеңінде тыл қызметі өкілдері мен әскери дәрігерлердің жауапкершілігі арта түседі. Олар жорыққа мұқият дайындалуы керек. Елді мекендерден, үлкен жолдан  алыста болсақта өз күшімізге сеніп, кез келген сәтте кез келген жағдайға дайын болуымыз керек, – дейді бөлім командирі майор Василий Подгайченко.

Алда барлаушыларды тау дайындығы бойынша сабақтар, жауынгерлік атыстарды қамтыған взводтық-тактикалық арнайы жаттығулар күтіп тұр. Олар күндіз де, түнде де жүзеге асады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
1007

Осы тақырып бойынша