Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан әскери әншілері Кремль сахнасында


Бәріміз сүйіп тыңдайтын «Синий платочек» әнін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің әншілері Ресей Федерациясы Отан қорғаушылар күніне арналған концертте орындады.

Әскери әншілер келісім-шарт қызметінің әскери қызметшілері Сая Үмбетова мен апалы-сіңілі Арай мен Алтынай Хабдесовалар ресейліктерді бүкіл қазақстандықтар атынан мерекелерімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі  вокалдық тобының әншілерін Ресей Федерациясы  Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концертке қатысуға Қорғаныс министрі Сергей Шойгу шақырған болатын.

«Ансамбль әртістерінің концертке қатысуы біздің екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері арасындағы жауынгерлік ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеріне сенім білдіремін» делінген Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековке жолданған Сергей Шойгудың хатында.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
327

Осы тақырып бойынша

Қазақстан әскери әншілері Кремль сахнасында - Yvision.kz