Үшаралдық оқушылар әскери бөлімде болды
Алматы облысы Үшарал қаласының мектеп оқушылары осындағы механикаландырылған бригадада болып қайтты.
«Ерлік сабақтары» шеңберінде әскери қызметшілер мектеп оқушыларына әскери бөлім аумағында экскурсия ұйымдастырды. Болашақ Отан қорғаушылар қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен танысты, сондай-ақ сарбаздардың жатын орнын, асхана мен медициналық пунктті және жауынгерлік даңқ музейін аралады. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері қонақтарға алаңда сап дайындығының әдіс-тәсілдерін және жекпе-жек ұрысының элементтерін көрсетті.
Мектеп оқушылары үшін кең көлемді мәдени бағдарлама әзірленді. Әскери бөлім фольклорлық ансамблінің акт залы сахнасында орындаған әндері мен күйлері көпшіліктің көңілінен шықты.
– Мұндай таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адмгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді,-деп атап өтті Үшарал гарнизонының командирі подполковник Бауыржан Ибатулин.
Мұғалімдер мен оқушылар әскери қызметшілерге қонақжайлықтары мен жылы қабылдаулары үшін алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.
ҚР ҚМ Бапспасөз қызметі
