Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шетелдік әскери инспекторлар Қазақстанның батысында болды

Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартқа сәйкес құрамы Италия, Испания, Түркия және Норвегияның әскери өкілдерінен тұратын көпұлтты инспекциялық топ Батыс Қазақстандағы «көрсетілген ауданда» әскери инспекция өткізді.

Халықаралық деңгейдегі іс-шараны ҚР ҚМ Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспециялық қызметті қамтамасыз ету ету жөніндегі орталық ұйымдастырды.

Орал қаласынан басталған инспекция Орал өзенінің батыс жағындағы ауданда жүргізілді. Инспекцияның мақсаты «көрсетілген ауданда» Шартпен шектелетін қару-жарақтар мен әскери техниканың болу немесе болмау фактісін тексеру болып табылады.

Бұл секілді инспекциялық тексерулер Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарттағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері шеңберінде жүзеге асырылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
332

Осы тақырып бойынша

Шетелдік әскери инспекторлар Қазақстанның батысында болды - Yvision.kz