Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Вооруженные Силы Казахстана проводят соревнования разведгрупп «Алтын Үкі»

На базе Учебного центра в Спасске Карагандинской области проводится международное соревнование разведывательных групп специального назначения «Алтын Үкі» с участием представителей от вооруженых сил иностранных государств. Для участия в нём в учебный центр прибыли разведывательные подразделения Вооруженных Сил Казахстана, России, Иордании, Китая и Таджикистана. Перед разведчиками стоит задача продемонстрировать высокий уровень физической и огневой подготовки, доказать свои знания в минно-подрывном деле, военно-медицинской и радиоподготовке, показать умение ориентироваться на незнакомой местности и работать с картами. Организаторами запланировано несколько этапов соревнований. Они будут проводиться вплотную друг за другом, не давая участникам времени на перерыв и отдых, что уже станет серье…

0
0
339

Қазақстан Қарулы Күштері барлау топтарының «Алтын Үкі» жарысын өткізуде

Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында шет мемлекеттер қарулы күштері өкілдерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы барлау топтарының «Алтын Үкі» халықаралық жарысы басталды. Халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысу үшін оқу орталығына Қазақстан, Ресей, Иордания, Қытай және Тәжікстан қарулы күштерінің бөлімшелері келді. Барлаушылар бұл сында жоғары дене даярлығы деңгейін және атыс дайындығын, мина жару ісіндегі, әскери-медициналық және радио даярлық бойынша білімдерін, таныс емес жерде бағдарлау және картамен жұмыс істей білетінін дәлелдеуі керек. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Олар бірінен соң бірі демалыссыз өткізілетін болады. Бұл қатысушылар үшін төзімділік сынағы болмақ. Барлау топтарына үш шақырымнан тұратын «барлаушы жолағынан» өтуге тура келеді. Ол қабырға, тікенек сымдар,…

0
0
473

Нақтырақ Қазақстан және Қытай Тараптары әскери инспекция өткізді

Шекара ауданындағы сенім шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы «Мәскеу» және «Шанхай» келісімдерінің ережелеріне сәйкес Қазақстан және Қытай Тараптары кезеңдерінде Келісімдерді қолдану аймағында бөлімдер мен бөлімшелердің өзара әскери инспекциясын өткізді. Инспекциялардың мақсаты, шекараның екі жағынан да жүз шақырым аймақта орналасқан қару-жарақтар, әскери техника мен жеке құрам саны туралы жыл сайынғы әскери ақпаратты тексеру болып табылды. Инспекциялық топтарға әскери бөлімдер туралы брифингтер өткізілді, инспекцияланатын бөлімдердің инфрақұрылымымен және жеке құрамның күнделікті қызметімен танысу мүмкіндігі берілді. Шекара ауданындағы қауіпсіздікті нығайтудың, тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың аса маңызды құралы бола тұрып, жоғарыда көрсетілген Келісімдер өңірдегі б…

0
0
284

Нақтырақ Қазақстандық әскери ұшқыштар шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен танысты

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Әуе қорғанысы күштері құрылымдары мен бөлімдерінің командалық құрамының әскери-ғылыми конференциясы өтті. Әскери-ғылыми конференцияның басты мақсаты шетелдердегі авиацияның қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда пайдаланылуына талдау жасау және ұшу құрамын қалалық жағдайда ұрыс жүргізуге дайындауға бейімдеу болып табылады. Кез-келген жағдайда Әскери-әуе күштері ұрыс қимылдарын жүргізіп,өз тапсырмаларын табысты орындау үшін авиацияны жан-жақты қамтамасыз ету маңызды роль атқарады. Авиацияның жоғары жауынгерлік мүмкіндігінің кілті – оның заманауй техникалық құралдармен жабдықталуында. Конференция барысында басты назар ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының мүмкіндігіне аударылды. Оны қолдану қала ауқымындағы жағда…

0
0
324

Қазақстан Қарулы Күштерінің мергендері халықаралық жарыста жеңіске жетті

Беларуссияда өткен халықаралық жарыста Қазақстан Қарулы Күштерінің мергендер жұбы жеке және жалпы есепте бірінші орынды иемденді. Жарыс белорустің Бресть қаласында орналасқан 38-жеке гвардиялық ұтқыр бригадасының базасында өтті. Сайысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина, Иордания мен Катар елдерінен командалар қатысты. Қазақстан Қарулы Күштері атынан капитан Тілектес Летвен мен аға сержант Арай Қаупаева мергендер жұбын бастап барды. Аталған жарыстың басты мақсаты барлаушы-мергендердің барлау және арнайы тапсырмаларды далалық және күрделі жағдайда орындау дайындығының деңгейін анықтау болып табылады. Жарыс үш кезеңнен тұрды. Бастапқы екі кезеңінде ұйымдастырушылар атудан ең үздік мерген мен мергендер жұбын анықтады. Қорытынды кезеңде қатысушылар барлау және арнайы тапсырмаларды орындады.…

0
0
415

Астанада дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Астанада «Дәулет» спорт кешенінің базасында 2013 жылғы 1-5 шілде кезеңінде ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік армия спорты кеңесінің және Қазақстан дзюдо федерациясының қолдауымен дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы 35-әлем чемпионаты болып өтті. Чепионатқа барлығы 28 елден араларында әлемнің мықты дзюдошылары бар 200-ден астам спортшы қатысуда. Дүбірлі доданы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен аяқтады. 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізе бүктірген АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Елдос Жұмақанов алтын медальді жеңіп алды. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Мейірлан Баймаханбетов күміс медальді…

0
0
270

Қарулы Күштер қатарына келісімшарт бойынша қабылдау жұмыстары жалғасуда

Қарулы Күштерді офицерлер құрамымен жасақтау жұмыстары аясында Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде іріктеу іс-шаралары өткізілуде. Іріктеу барысында әскери қызметке үміткерлер дене дайындығынан сынақ тапсырып, сұхбаттасу мен психологиялық тестілеуден өтті. Іріктеу комиссиясының құрамына Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің өкілдері енген. Қарулы Күштерді офицерлермен, сержанттармен, қатардағы жауынгерлер құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру Қазақстан Қорғаныс министрлігі қызметінің маңызды бір бағыты болып табылады. Қарулы Күштердегі кадрлар саясатының негізгі мақсаты кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары мамандарды іріктеп алу. Ескі жасақтау жүйесі жаңа сипатқа ие болды, яғни келісімшарт бойынша офицерлерді, сержанттар мен солдаттарды әскери қызметке қабылдаудың жаң…

0
0
466

Астаналық әскери қызметшілер қоныс тойын тойлады

Бүгін Астана қаласы күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге пәтер кілтін табыстау салтанатын өткізді. – Әскерилерге көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру – бұл қорғаныс ведомствосы басшыларының әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі басты тапсырмаларының бірі болып табылады,-деді кілт тапсыру салтанаты кезінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов. – Баспана мәселесінің шешілуі – бұл әскери қызметшілердің ертеңгі күнге деген сенімін тудырады. Қызметке де қайтарым мол, кәсіби өсуіне деген талпынысы мен ынтасын арттырады. Мұның барлығы атап айтқанда әскерлердің жауынгерлік әзірлігіне оң әсер етеді. Жаңа тоғыз қабатты кір…

0
0
316

Елбасы әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірушілерге погондар табыс етті

Бүгін Астанада «Атамекен» мемориалының жанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әскери жоғары оқу орындарын бітірушілерге лейтенант погондарын табыс етті. Бұл іс-шара Астананың 15 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Әскери жоғары оқу орындарының түлектері Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері әскери институты, ҚР ҰҚК әскери институты, ҚР ТЖМ техникалық институты сияқты Қазақстанның түрлі әскери оқу орындарынан келіп отыр. Ұсынылған үздіктердің төртеуі Қорғаныс министрлігінің институттарында білім алған: Құрлық әскерлері әскери институтын бітіруші Ілияс Мұхамадиев және Марат Сапарғалиев, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары Владимир Ив…

0
0
540

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

Бұрын хабарлағанымыздай Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының кеше өткен сайыстарында қазақстандық әскери қызметшілер Өтеулиев Қажымұқан мен Тен Алина қола жүлдеге ие болды.
Ерлер арасындағы 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды кореялық, екінші орынды қытайлық спортшы иеленсе, үшінші орын тұғырына қазақстандық және бразилиялық балуандар бірге көтерілді.
Қыздардың 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық спортшы жеңімпаз атанып, италиялық екінші, ал қытайлық және қазақстандық балуан қыздар үшінші орынға ие болды.
Бүгін чемпионаттың соңғы күні ауыр салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күш сынасады. Түстен кейін әлемдік доданың қорытындысы шығарылатын болады.
0
0
366