Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Елшісімен кездесті
Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Лимен кездесті.

– Тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізіндегі Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жемісті дамуын қанағаттанарлықпен атап өтемін. Екі мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық бағыттағы өзара іс-қимылды, оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласын нығайту мен кеңейтуді жалғастыру туралы келісімге келді, – деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы.
Қазіргі уақытта екі ел Қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастық қол жеткізген әскери-техникалық өзара іс-қимылды, сондай-ақ әскери мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырудан тұрады. Бүгінде Қытайда 20 қазақстандық әскери қызметші білім алуда.
– Қазақстан мен Қытай белсенді саяси диологты қолдайды және әскери саладағы сәтті дамып келе жатқан өзара іс-қимылдары бар. Соңғы үш жылда Қазақстан Қарулы Күштері қарқынды дамып келеді. Оны барлау топтарының «Алтын үкі » халықаралық жарысындағы жеңісі тағы бір дәлелдеді, - деп атап өтті Елші.
Тараптар ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлунның 18-20 шілдеге Қазақстанға жоспарланған ресми сапары Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығының жаңа кезеңінің бастауы болатынына сенім білдірді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
