Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Бүгін Астанада, ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Беларусь Республикасы Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы Сергей Гурлевпен кездесті. Кездесу Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде өтті.

Тараптар әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Аталған саладағы екіжақты қарым-қатынасты реттеуші және оның дамуына ықпал ететін маңызды орган ретінде әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-беларусь кіші комиссиясы жұмысының қарқынына оң баға берді.

Кездесуде Әділбек Жақсыбеков:
– Қазақстан Қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Біз ел аумағында қазақстан-беларусь бірлескен кәсіпорындарын салуға мүдделіміз,  – деп атап өтті.

Кездесуде Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшақтарына беларусь кәсіпорындарында, сондай-ақ Астанада салынатын авиациялық-техникалық орталықта техникалық қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту талқыланды.

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Гурлев қазақстан-беларусь екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдарды белсендіру туралы әңгімелесті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
654

Осы тақырып бойынша