Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанты «Жас қыран» ағылшын тіліндегі тілдескішті ойлап тапты
Тілдескішті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқитын курсант Жүнісов Нұрсұлтан құрастырған, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылы Қазақстан халқына Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 2020 жылға қарай 95%-ға жеткізу, 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін қазақстандықтардың саны кемінде 20%-ды құрауы қажеттілігі айтылған болатын. Мемлекет басшысы көтерген елдің бәсекеге қабілеттігін арттыру жолындағы маңызды шаралардың бірі болып табылатын «Тілдердің үштұғырлылығы» мәселесі Қарулы Күштерде қызу қолдау тауып, оны іске асыруға нақты қадамдар жасалуда», - деп 4 курс студенті Нұрсұлтан Жүнісов атап өтті. Хабарламада айтылғандай, ұсынылып отырға…