Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шығыс-2013» — оқу-жаттығу жалғасуда

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағындағы полигондарда «Шығыс-2013» жедел-стратегиялық оқу жаттығуы жалғасуда.

Жаттығу Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басқару органдарын, бөлімдері мен құрамаларын толық жауынгерлік әзірлікке келтіру туралы дабыл белгісімен басталды.

Басқа бөлімшелермен бірге дабыл белгісін алғаннан кейін тұрақты орналасу орнынан «Шығыс» полигонына өз жүрісімен ауыр гаубица-артиллериялық дивизион, сондай-ақ басқару батареясы және бригада басқармасы қозғалды. Тағайындалған нүктеге жеткен соң олар шартты қарсыласты атыспен зақымдау жөніндегі міндетті орындауға дайындықты бастап кетті.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Аэроұтқыр әскерлердің күштері мен құралдарын оқу-жаттығу өтетін орынға жедел жеткізумен бір уақытта басқару пункттеріндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жедел топтары келіп жетті.

Сондай-ақ, оқу-жаттығуға Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жедел тобы тартылған. Семейге РФ ҚК 2-ші жалпы әскери армиясының қолбасшысы генерал-майор Сергей Судаков бастаған әскери делегация келді.

Шығыс Қазақстан облысындағы жауынгерлік міндеттерді орындау ауданы болып табылатын «Ново-Ахмирово» полигонына механикаландырылған бригада бөлімшелері келіп жетті. Олардың міндеттерінің қатарында түнгі ахуал жағдайында оқу-жаттығу өткізу енгізілген.

Осы уақытта Алматы облысындағы «Көктал» полигонындағы Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бригадасы барлау жүргізу, қарсыластың шағын топтарын жою, сондай-ақ, заңсыз әскери құрылымдарды  қоршауға алу сияқты оқу-жауынгерлік тапсырмалар алды.

Шығыс-2013» оқу-жаттығуына Құрлық әскерлерінің құрамаларымен бірге Әскери-әуе күштерінің авиациясы да қатысады Жаттығуға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жалпы басшылық жасайды. Жаттығудың шешуші кезеңі 11 қазанда өтеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
392

Осы тақырып бойынша

«Шығыс-2013» — оқу-жаттығу жалғасуда - Yvision.kz