Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрлері «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» жаңа зауытын ашты
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Түрік Республикасының Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз электронды-оптикалық құрылғылар өндіретін «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнын ашты. Бұл Қазақстан мен Түркия мемлекет басшыларының уағдаластығына сәйкес құрылып отыр. Қорғаныс ведомстволарының басшылары болашақ өндіріс корпустарының орналасу орнын қарап, аталған кәсіпорында шығаралатын өнімдердің үлгілерімен танысты. Әділбек Жақсыбеков Астанада жоғары технологиялық өндірісті қорғаныс-өнеркәсібі кешен ашылуының маңызын айрықша атап өтті. Бірлескен жобадағы Қазақстанның алғашқы кездегі үлесі 20 пайызды құрайды, жуықтағы 5 жылдың ішінде ол 67 пайызға дейін артатын болады. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма…