ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Азия рекордын Жинг жаңартты, ал Айдова 6-ы.

Конькиші қыз-жігіттер бүгін 500 метрлік сынды артқа тастады. Бұл жарысқа Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері көптеп қатысқан болатын. Қыздар арасында қытайлықтардың шоқтығы биік, ал ерлерден жапондықтар жүйрік шықты. Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтиже Екатерина Айдова көреткен 6-ы орын. Бұл Айдованың аталмыш қашықтықтағы жеке рекорды.

IMG_1065.JPG

Екатерина Айдова, конькиші:

Бүгін мен өз жанкүйерлерімнің көмегімен жеке көрсеткішімді жақсарта түстім. Екінші айналымда 500 метр қашықтықтағы Олимпиада чемпионы Ли Сан Хвамен жарысуға тура келді. Алайда, ол да адам ғой, сондықтан қорқыныш немесе қобалжу болған жоқ. 1000 метрге жүгіруде қандай да бір медальға іліксем деп отырмын, себебі, осы қашықтықтағы нәтижем жаман емес.

IMG_1077.JPG

Ли Сан Хва, Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері:

Жоғары нәтиже көрсету үшін барымды салдым, Алайда, бір жыл бұрын Ванкувердегі жетістікті қайталау мүмкін болмады. Енді өзге қашықтықтарда алтын алуға тырысамын.

IMG_1081.JPG

Ю Жинг, 500 метрге конькимен жүгіруден Азиада чемпионы, Азия рекордшысы:

Тынбай жаттығудың арқасында алтын алып, шын мәнінде қуанып тұрмын. Азияның жаңа рекордын да тіркеп үлгердім. Мұз айдынын кішкене қолайсыздау болды маған. Бірақ, бәрібір жеңдім. Астананы аралауға қолым тимей жатыр, «Кинг» қонақүйінен әлі шыққан емепін. Ал, Қазақстан конькишілері жыл сайын қарқынын арттырып келе жатқан сияқты.

IMG_1097.JPG

Ли Кен Сюк, ерлер арасында Азия ойындарының және Турин Олимпиадасының қола жүлдегері:

Бұрылыстардан өту барысында біраз қиыншылықтарға кенелетін едім. Ол қателіктерді Азиада басталғанша түзеуге тырыстым. Нәтижеме ризамын.

Ақбота Шөкенбай.