Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Конькишілер мен фристайлшылар да жүлде әкелуде

Кеше Қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко 14 мың  метр қашықтыққа масс-старт әдісімен жүгіруде қола медаль жеңіп алды.  Үнемі ұзақ қашықтықта сынға түсетін Дима соңғы айналымдарда аяғы сыр бергенін айтады. Оның үстіне, тәжірибенің аздығы да аяққа тұсау болды. «Негізі, мен бұл қашықтықта алғаш рет сынға түсіп тұрмын. Медальға еш үмітім болмаған, бірақ командаластарымның Александр Жигин мен Максим Баклашкиннің көмегімен қоланы ұтып алғаныма қуаныштымын»,-деді Дмитрий журналистерге берген  сұхбатында. Алтын медаль Ванкувер олимпиадасының чемпионы, кореялық  Ли Сюнг Хонның еншісінде, ал күміс медальді Бабенкодан бірнеше секунд бұрын келген Жапония спортшысы  Хирако Хироки иеленді.

IMG_1143.JPG

Қазақстан қоржыны тағы екі алтынмен толықты. Паралельді могулдан сынға түскен фристайлшылар арасында біздің спортшылардың асығы алшысынан түсті. Қыздар арасында қос қазақстандық   Юлия Галышева мен  Юлия Родионова ақтық сынға шығып, Галышева 33-2 есебімен жеңді жерлесін. Ерлер арасында  біздің фристайлшы Дмитрий Бармашов жапондық Ену Осамуды 5 ұпай айырмашылығымен тізерлетті. Әзірге 15 алтын алған Қазақтан құрамасы жалпыкомандалық  сындағы тізгінді ешкімге берер емес.

Аягөз ДӘКЕН

0
0
643

Осы тақырып бойынша

Конькишілер мен фристайлшылар да жүлде әкелуде - Yvision.kz