Бүгін Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық бағытта онлайн кездесу өтті. Кездесуге орыс ұлтының өкілі Л.Итрухина және ауданның белсенді жастары қатысты. Шара барысында қатысушылар осындай бейбіт, тыныш заманда тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын, тәуелсіздік ұғымының қашанда рөлі зор екендігін айтты. Ұлы бабаларымыз осы күнді аңсап, бүгінгі тәуелсіздік үшін қарап қалмай, қазақ даласының елі мен жерін қорғап, көптеген шайқастан өтіп, білектің күші, найзаның ұшымен жауды жығып, елдің еркіндігі, егемендікті аламыз деп баспаған тауы, көрмеген қиындығы жоқ. Тәуелсіздік – адамзат баласының аңсаған басты мұраттарының бірі, оны тұғырлы ету, тәуелсіздігімізді сақтау - жүрегі "елім" деп соғатын әрбір азаматтың парызы. Кездесуге орыс ұлтының өкілі Л.Итрух…