Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының"Отпан","Шайыр" бастауыш партия ұйымдарында

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған "Nur Otan" партиясы Қазақстанның болашағы және азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін өзіне тарихи жауапкершілікті ала отырып, "Қазақстан-2050" Стратегиясы аясында адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуы үшін жағдайларды жақсарту мақсатында экономика мен саясаттағы ауқымды реформаларды дәйекті жүзеге асырып келе жатыр.

Партияның әрбір мүшесі өзінің күн сайынғы адал еңбегімен қоғамдық-саяси тұрақтылығын, ұлттық бірлігі мен қоғамдағы келісімін нығайтып, экономикалық жағынан мықты, демократиялық мемлекетті құруға ұмтылуы қажет. "Nur Otan" партиясының Жарғысына және Доктринасына сәйкес партия мұшесі Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін құрметтеуге және сақтауға, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, оларды бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол бермеуге, өз елінің патриоты болуға, оның мүдделерін жан-жақты қорғауға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге , жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға міндетті.

Осы орайда, бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының "Отпан", "Шайыр", "Қызан", "Ақшымырау", "Шебір", "Тұщықұдық", "Жыңғылды", "Ұштаған", "Жармыш" бастауыш партия ұйымдарында партия мүшелерімен жиналысы өтті.

0
0
239

Осы тақырып бойынша

бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының"Отпан","Шайыр" бастауыш партия ұйымдарында - Yvision.kz