«Жетістік тарихы»жобасы аясында «Болашақ»бағдарламасының түлегі, ауданымыздың тумасы Арна Тоғаевамен
Бүгін «Жетістік тарихы» жобасы аясында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ауданымыздың тумасы Арна Тоғаевамен «Zoom» платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның белсенді жастары мен еріктілер қатысты. Шара барысында Арна Тоғаева өзінің аталған бағдарлама бойынша оқу тәжірибесімен, жеткен жетістіктері жөнінде баяндады. Сондай-ақ шетелде білім алғысы келетін аудан жастарына өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Бүгінгідей технологияның қарқынды дамыған шағында орта мектепті бітіріп, білікті маман болғысы келген кез келген жас өреннің арманы шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсіп, сапалы білім алу екендігі айдан анық. Сондықтан да жастар бойындағы сенімділік пен алған білімінің нәтижесін көрсету үшін білім алу жолында табандылық таныту керектігін айтты. Кездесу барысында жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, өз ойларын ортаға салды.
