Мазмұнға өту
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

Сайтта 2014 ж. 17 ақпанКазахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

жазбалар

389

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

4

«Шабыт — 2014» байқауына өткен 100 ақынмен таныс болыңыз

ХVІІ халықаралық «Шабыт - 2014» шығармашыл жастар фестиваліне 100 ақын іріктелді. Фестивальге Қытай, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстаннан 150 үміткердің шығармалары келіп түсті. Кеше «Үздік әдеби шығарма» аталымы (Поэзия) бойынша қазылар алқасының қатысуымен үміткерлерді іріктеу кезеңі өтті.

Нәтижесінде 100 ақын іріктеуден өтті. Олар:

1. Хамит Есаман

2. Наурыз Саршаев

3. Данияр Әлімқұл

4. Индира Кереева

5. Нұржан Қадырәлі

6. Құндыз Жұбаева

7. Асылбек Жаңбырбай

8. Тұрсынбек Башар

9. Әлімжан Әлішер

10. Нұрлан Иса

11. Әлия Іңкәрбек

12. Шерхан Талап

13. Бекзат Смадияр

14. Дамир Әбенов

15. Айбол Исламғалиев (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
638

«Өрлеу ақпараты» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «Өрлеу ақпараты» байқауының инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материалдардың авторлары марапатталды. 2010 жылдан бастап өткізіліп келетін «Өрлеу ақпараты» байқауы жайында «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің басқарушы директоры Айтілеу Бауыржан: - Бүгін «Өрлеу ақпараты» журналистердің үздік материалдарының нәтижесін қорытындылап отырмыз. Бұрындары тоғыз номинация бойныша өткізіліп жүрген байқауға биыл өзгерістер еңгізіп журналистерді 21 номинация бойынша марапаттадық. Биыл байқауға барлығы 200-ден аса 2013 жылдың 1 қазаны мен 2014 жылдың 15 қыркүйегі аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған публикациялар, телевизиялық хабарлар мен сюжеттер, радиобағдарламалар және өзге де материалдар келіп түскен болатын. Жылдан жылға қаты…

0
0
559

Дәрмен ҚҰЗЫКЕЙҰЛЫ, Баян-Өлгей қаласының әкімі: Тіліміздің еркіндігіне Моңғолияның негізгі заңымен кепілдік берілген

– Тағдырдың жазуымен жұмыр жердің әр бұрышына тарыдай шашырап кеткен қазақ халқының бір бөлігі сонау Алтай аймағының Қобда бетін мекен етіп қалды. Мекені бөлек дегенмен, жан-жүрегі «Алаш даласы» деп соғып тұратынҚобда қазақтарының бүгінгі жай-күйі қалай болып жатыр? Әңгімемізді осыдай бастайықшы… – Рас айтасың, қазақ халқының табаны тимеген әлемде жер жоқ шығар, сірә. Бүгінде білесің, қазағымыз әлемнің 44 елінде өмір сүріп жатыр. Соның бір шоғыры – Моңғолияда қалып қойды. Ұзын-саны 160 мыңдай қазақ өмір сүріп жатырмыз. Соның 100 мыңға жуығы Баян-Өлгейде тұрады. Бұл жергілікті халықтың 92 пайызын құрайды. Қалған 60 мыңға жуығы Моңғолияның ішкі өлкелерінде шоғырланып отыр. Бір ғана ел астанасы – Ұланбатырдың өзінде 20 мыңдай қазақ тұрады. Қобда өңірінде тағы 10 мыңнан аса ағайын тұрады. Сон…

0
0
678

Қайрат Нұртас түшкірсе де — хит

Серік Ибрагимов деген жас жігіт орындап жүрген «Вокзалда қауышқан қыз» әнінің не «құдіреті» бар екенін қайдам, кішкентай балаларға дейін: «Жүрдек пойыз кетті, Саған қолым жетті, Өкінбеймін мүлде Мұндай болмас күнде...» деп шырқап жатады. Сол секілді Қайрат Байекенов пен «Формат» тобнының орындауындағы «Махаббат» әні де тыңдарманын өзінің сиқырымен дуалап алғандай әсер береді. Өйткені бұл әндер – «хит». Ал хит әндердің сөзінде мағына бар ма, ұйқасы қандай, музыкасы мен аранжировкасы ше, бұған ешқандай сын жүрмейді. Әдетте біз «қазақ әндерінің сөзі де, өзі де бұзылды, жөні түзу клип жоқ, авторлардың сиқы анау» деп түңіліп жатамыз. Бірақ осындай пікір айтуышалр қазіргі жастардың (25-30 жасқа дейінгі) талғамына қандай әндер сәйкес келетінін білмейтін секілді. Әр заманның өз әншісі болатыны си…

0
0
822

Латын әріптерімен қазақша жазу жобасы

Латын әріптерімен қазақша жазу жобасы Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп жетілген қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстыру – мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Бірақ, шығынды тым асыра бағалау – бекер сөз. Әліпби ауысқанда бұрынғы кітаптарды өртеп жіберу керек деп ешкім айтпайды. Қазіргі жазумен жазылған кітаптар – сол кітаптарды оқи алатын қазақтармен бірге тозып, бірге ескіреді. Құнды кітаптар керек болған жағдайда, қайтадан басылады. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге күшті әсер етеді, қазақ тіліне айрықша маңыз беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады. Латын әріптері негізінде қазақ әліпбиін құрудың бірнеше жолы бар. Енді…

0
2
1818

Қазақ тілінің әлеуметтік мүмкіндіктері

Қазақ тілінің қоғамдағы мүмкіндіктері туралы сөз қозғамастан бұрын қазақ тілінің қазіргі хал-жағдайы туралы айтып өткіміз келеді. Еліміздің бұған дейін Кеңес үкіметінің құрамында болғаны белгілі. Осының себебінен қоғамда қазақ тіліне қарағанда орыс тілінің басымдығы көп болды. Ана тіліміз тек тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жанданып, ауқымы кеңи бастады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елдегі қазақ тілді азаматтардың үлес салмағы соңғы 20 жылда айтарлықтай азая түсті. Мұны шеттен келген оралмандармен және орыс тілді азаматтардың елден көшуімен түсіндіруге болады. Қазір қазақ тілді азаматтардың саны елдегі басқа ұлттардан әлдеқайда көп. Бұның бәрі қазақ тілінің әсер ету ауқымының кеңеюіне септігін тигізуде. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
763

Қазақ неге қырғыз аталып кетті?

Қазақ неге қырғыз аталып кетті? Ыстықкөл тұрғындарымен сөйлесе қалсаңыз олар сізден міндетті түрде: «Сіз білесіз бе революцияға дейін қазақтарды қырғыз деген? Кеңес үкіметі құрылғанға дейін Қазақстан деген ел болмаған, есесіне Қырғыз КСР деген мемлекет болған» дейді. Бұл ненің нышаны? Бұл сөз тіркесі қайдан шықты? Шынында да Қазан төңкерісіне дейін қазақтарды неге қырғыз деген? Бұл сұрақты мен алғаш рет мектеп қабырғасында жүргенімде-ақ тарих пәнінің мұғаліміне қойғанымда ол маған нақты жауап берудің орнына қазақтар мен қырғыздар тамырлас, туыс ел деп қана жылы жауып қойғаны есімде. Жуырда мен осы сұрақтың нақты жауабын Тарих және этнология институтының аға қызметкері Ирина Ерофеевадан естідім. Оның айтуынша, ұлттардың атына қатысты бұрмалаушылық осыдан 280 жыл бұрын жазған журналистер жі…

0
0
1232

Жойылған «жоңғарлар» деген кімдер еді?

Көшпенділер тарихында ойып алар орны бар Ойраттар жайлы көптеген деректер айтылып та, жазылып та жатады. Үш жүз жылдай бабаларымызбен іргелес отырған тарихы тағдырлас, қойы қоралас, қыз алып – қыз берген көшпенді елдердің, экономикасында мәдениетінде, дәстүрінде ортақ байланыстар болған еді. Ауызша аңыз әңгімелерде: - «Киіз туырлықты қазақ-қалмақ бір туған», «Қатын алсаң, қалмақ ал!» - делінсе, кейде «Қоламса иісті қара қалмақ», «Өй, қалмақпысың!» - деп жақтырмаған кейіп танытылатын. Ғылыми дерек көздерден де, сан алуан деректерге кездесесің. Бірінде бабаларымыз Ойраттар тарапынан түрлі оқиғаларға байланысты туындайтын шабуылдарға қарсы күрессе, екіншісінде олардың феодалдары арасындағы шиеленісті шешуге бел шеше араласып, өздеріне тиімділеріне одақтас болып соғысып жатады. Кейде басқа ха…

0
0
1567

Алғашқы медреселер арабтарда емес, бізде пайда болған

Алғашқы медреселер арабтарда емес, бізде пайда болған. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі Айнұр Әбдірәсілқызы бірнеше деректерді алға тартады.

Ең алғашқы ислами орта оқу орындары болған медреселердің ІХ ғасырда Түркістан өлкесінде, нақтырақ айтқанда қазіргі Өзбекстан аумағында пайда болғаны туралы тарихи дереккөздерінде айтылады. Мұның басты себебі тілдік фактордың әсері болып табылады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
953

Бүгін әкемтеатрдың 89 маусымы ашылады

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 89 маусымын ашады. Бұған дейін театр ұжымы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» пьесасымен ашылып келген еді. Енді бұл үрдіс екі жылдан бері өзгеріпті. Театр басшылығы биылғы маусымды премьерамен ашпақ. Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» атты екі бөлімді драмасы жаңа маусымның тұздығы болады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1279