Элон Маск: «Болашақта адамзат үшін көлік жүргізу заңсыз болып саналады»

Tesla Motors компаниясының бас директоры Элон Маск болашақта көліктерді тек роботтар басқаратынын айтады. Ал адамның көлік жүргізуі заңсыз болып саналмақ. Масктың айтуы бойынша, автомобильдерді бірегей роботтар басқаратын болса, жол апаттарының саны нөлге дейін азаяды.
«Автономды тәртіпте қозғалатын көліктерден қауіптенудің қажеті жоқ. Бұл тура жеделсаты сияқты. Бұрын жеделсатыны бақылаушылар болған. Ал қазір белгілі бір жүйемен автономды жұмыс істей береді. Көліктер де солай басқарылмақ», — дейді америкалық миллиардер NVIDIA компаниясының бас директоры Джен-сун Хвангқа берген сұхбатында (жалғасы мұнда: iskernews.kz).





