Наурыз көже жасауды отандық кәсіпорындарға міндеттеу керек пе?!

Жасыратыны жоқ, қазірде Наурыз мейрамында дайындалып жүрген қайсыбір көженің технологиясы, құрамы, дәмі көңілімізден шықпай жатады. Көжені кім қалай естісе немесе бір жерден оқыса болмаса біреуден үйренсе солай жасап жүр. Ал жылдар өте келе осы дәміміздің сапасы одан әрі төмендеп кетпесіне кім кепіл?! Мұндайға жол бермес үшін не істеу қажет?
Көжені брендке айналдыру керек…
Негізінен наурыз көже ең алдымен ұлтты біріктіретін ас. Кезінде ата-бабаларымыз халықты дастарқан басына тоғыстыратын ынтымақ құралы ретінде нақ осы наурыз көжені пайдаланған. Үлкен «қара қазанға» әзірленген көжеден бүкіл ауыл-аймақ дәм татып, ел-жұрттың ырыздығы кіріп, берекесі жарасқан (жалғасы мұнда: iskernews.kz)
