Мазмұнға өту
lonelygirl

Akonia

@lonelygirl

Сайтта 2015 ж. 22 ақпанКазахстан, Астана

Өмірге құштар жанмын)))

рейтинг

100

жазбалар

20

пікірлер

5

тіркелуші

2

жазылымдар

3

Тағы да қар...

Көктем келген сияқты болып еді қазір қар басып тастады.Табиғат алай-дүлей боп жатқандай менің ішім де дәл сондай күй кешуде. Маңайда мені іздейтін жандар көп, бірақ маған керек адам мені біржола өмірінен сызып тастады. Дәл қазір көшеге шығып, ішімдегі мұңды шығарып алғым келіп отыр. Жауған аппақ қар, ішімдегі мұңнан арылтшы, қайтадан жанарыма күлкі үйірте білші.

7EJJ2dCb355WTMXDeuy2O6f8cRBSX4.jpg

2
1
619

Ой салған фотосурет

Бүгін әдетімше инстаграмды ақтарып отырсам,өзім шамалас құрбылардың бір шаңырақтың келіндері атанып жатқанын көрдім. Жүздері бал-бұл жайнап сүйген жігіттеріне қосылып жатыр. Маған осы сәтте үйдегілерімнің сен оқу оқу керексің, одан кейін барып жігіт те табылып жатар деген сөздері есімде. Ең соңында әйел адам барған жерін бақытты қылу керек қой. Сенің қанша білімің бар, сен қалай бітірдің оның бәрі отбасылық институт алдында соншама маңызы жоқ. Мақтанғанға жақсы-ақ, шіркін. Жас кезімде мұның байыбына барып жатпаппын. Ал енді карьера жасаймын деп жүрген қыз-келіншектерге айтарым: жұмыс, атақ, ол жай өмірдегі жетістік қана, ал өміріңе серік болар, қайғыңды бөлісер сенің балаларыңның әкесі болар адам ол баға жетпес шын асыл. P.S. Айтуға оңай, әрине, бірақ тағдыр ондай жанды жолықтырмаса өзіңн…

4
0
692

Бәрі бітсін осылай

Бәрі бітсін осылай

Соңғы мәрте тіл қатыстық

Құшақтадың, мен кеттім

Жалған екен,жалған екен

Маған берген бар сертің

Статус қойып Вкада

Жаралы жан боп отыр ма

Мені ойлап құр босқа

Көз жасыңды тамызба

Жүректегі толып жатқан

Мұңым кетті,сызат бар

Өз-өзіңмен ақылдаста

Ақ параққа сыр ақтар.

Не айтайын жаным саған

Бақыттымын мен қазір

Мүмкін ол сен болмаса да

Басқа біреу жүр қазір

Соңғы нүкте қой да енді

Ұмыт мені қалқашым

Қайда өзің жүрсең - дағы

Бір Аллам сені қолдасын...

0
6
1030

соғылмаған қоңырау...

Өзімнің басымнан өткеннен кейін мен неші түрлі ойларымды осы блогқа жазуды жөн көріп отырмын. Мені мазалайтын сұраақтардың бірі жігіт атаулысының көбі дерлік көпке топырақ шашпайын менімен сөйлескен кездің басында асты-үстіңе түсіп қал-жағдайыңды сұрап сені айналшықтап қалады. Ал біраз күннен соң түк болмағандай саған телефон шалғанды қойып, әлеуметтік желілерде жазғанын да қояды. Немесе саған үміт беріп "кейінірек хабарласам бір жұмыстарым шығып қалды" деп ақтала жөнеледі. Жоқ мен түсіне алмадым не сүй ол қызды ,не басынан ол қызға жолама дегім келеді. Қыздың жүрегі ашық тұрған есігі жоқ аула емес қой, ол бір нәзік сырға толы бақ десем артық айтпаспым. Бірақ мен оның орнына өзімді сан мәрте қойып көрдім, енді соншама 10 секунд "сәлем! қалың қалай? менде бәрі жақсы, тек сен уаймдама деп а…

-1
0
475

жаңған үміт

8 наурыз әйелдер күні мерекесі де өтті. Бұл күн өзім үйреніп қалған әдетімше жалғыздықта ешкімнің құттықтауын алмай үйде отырам деп ойлағанмын. Бірақ аяқ астынан тосын жағдайға тап болдым. 5 наурыз ең жақын құрбымның туған күні еді. Құрбым дәл сол күні тойламай, 8 наурыз қыздар мерекесінде отырыс жасайық деген болатын. Сол күні кешкісін біз түңгі клубқа бардық. Негізі менің баруы себебім жай ғана ән айтып, билеп бір серпіліп қалғым келген. Құдай берем десе "терезеден де береді" деген тіркестегідей сол түні мен ойламаған жерден тамаша бір жас жігітпен танысқаным қызық болды. Бұл мен үшін тағдырдың екінші мәрте берген мүмкіндігі боп көрінді. Енді қайта жаңған үмітім сөнбесе екен деймін... P.s. әрбір адам сенің өміріңе бір серпін алып келеді. Біреуі тым ащы, өлтірер "у"болса енді біреуі мәңг…

1
0
827

Салт-дәстүр қазынам

Қазағымның салт-дәстүрлері ай. Қайран "Абай жолын" оқыған сайын осы сөз ғана ауызыма түседі. Романда берілген қазақ дархандығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қызға ұрын бару солардың бәрі жаңа заманда бір ескі нәрсе сияқты болып бара жатқан сияқты. Мүмкін біреулер айтар әр заманның адамы басқа деп. Ал мен кей сәтте сол заманда өмір сүргім келеді. Шынайы, интернетсіз махаббат, қыздардың әдемі киім киісі, қолаң шаштары... Қазіргі өмірімізде бәріміз бір жаққа асығып, біреулер ақша соңынан жүгіріп, өмірдің нағыз мәні артқы шепте қалып бара жатқан сияқты. Бұрынғыдай жеңгелер қыз бен жігіттерді таныстыруына себепші болса, дәл қазіргідей "отырып қалған қыздар" немесе "қыз таңдаған жігіттер" қоғамда сәл болсын азаяр ма еді деп ойлаймын.дәл қазір өзіме келер болсам мен өзіме жар таңдай алма…

2
0
938

Спорт — денсаулық кепілі

Орта мектептен бастап мен өзімді толық қызбын деп есептейтінмін. Сол себептен арық дене бітімі сымбатты қыздарға қарап, "менде солар сияқты болсам екен" деген армандарым көп еді. Өсе келе көптеген ем-домдарды ұстап, өзіме тамақтан шектеу қойдым.Айтарлықтай өзімді жеңіл сезініп сымбатты қалыпқа келген сияқты болып қалатынмын. Менің ұстамаған ем-домым жоқ шығар. Айран ішіп, неше түрлі көкеністер ғана жеп одан қалса тәтті немесе майлы тағамдарды жемеу сияқты шектеулер қоятынмын. 2012 жылдан бастап мен өзімді олай қатты қинамайтын болдым. Тек қана дене шынықтыру залдарына барып дұрыс тамақтану салтына көштім. Бұл өзіңді қинап тамақтан шектегеннен гөрі жақсырақ екен.Жазда жүгірумен, қыста шаңғы тебумен айналысып көп серуендеп өзімді сергек сезінетін болдым. Ал "бөксемде майым көбейіп кетті, іш…

0
0
1646

Көз жасым көмектеспеді...

көптеген психолоиялық кітаптарды оқысам құлшынып өмір сүруге ниетім ашылып кетеді. Санаңда толып жатқан сұрақтарға жауап та дайын тұрған сияқты. Бірақ біз ойлағандай өмірдегі кейбір түйіткілі мол сұрақтарға дауа да шешім де жоқ. Мүмкін маған ғана солай көрінер.Күнделікті көше бойымен келе жатсам бір жаққа асыққан адамдар,біреуі жүзі жайнап жүрсе, біреуі қалың ойда кетіп бара жатады. Осыдан бір апта бұрын мен үшін дүние бір сәтке қызығынан айырылған сияқты болды. Кім жанымнан өтіп жатса да, көзімнен аққан жасты тия алмады. Өзіңді қанша сабырлылыққа шақырсаң да жүректе мұң тұрса, санаға мүлде бағынбайды екен...

0
0
427

қойылмаған нүкте

адамдар үнемі қасында жүрген жақсы адамдарды байқамай қолын аспанға созғанды жақсы көреді. Бұлай дейтін себебім біз өзімізді "сені тіпті де керек қылмайтын" жандарды жақсы көрсек, немесе күйеуге шықсақ бақытты боламыз деп ойлайтынымыз. Бірақ мәселенің соңында өз жалғыздығымыздан жапа шегеміз ...неліктен адамдар сондайға құмар?! бұл сұрақтың жауабын әлі де таба алмай келемін

0
3
322