жаңған үміт
8 наурыз әйелдер күні мерекесі де өтті. Бұл күн өзім үйреніп қалған әдетімше жалғыздықта ешкімнің құттықтауын алмай үйде отырам деп ойлағанмын. Бірақ аяқ астынан тосын жағдайға тап болдым. 5 наурыз ең жақын құрбымның туған күні еді. Құрбым дәл сол күні тойламай, 8 наурыз қыздар мерекесінде отырыс жасайық деген болатын. Сол күні кешкісін біз түңгі клубқа бардық. Негізі менің баруы себебім жай ғана ән айтып, билеп бір серпіліп қалғым келген. Құдай берем десе "терезеден де береді" деген тіркестегідей сол түні мен ойламаған жерден тамаша бір жас жігітпен танысқаным қызық болды. Бұл мен үшін тағдырдың екінші мәрте берген мүмкіндігі боп көрінді. Енді қайта жаңған үмітім сөнбесе екен деймін...
P.s. әрбір адам сенің өміріңе бір серпін алып келеді. Біреуі тым ащы, өлтірер "у"болса енді біреуі мәңгі бақи ішсеңде шөлің қанбас сусын сияқты
