ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

Қанат Ислам жаңа формасын көрсетті

Танымал кәсіпқой боксшы Қанат "Қазақ" Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Рингке киіп шығатын шорты боксшының фейсбуктағы ресми жанкүйерлік парақшасында жарияланды.

"Бұл жолы ақ түсті таңдап отырмыз. Шортыдың екі жағы да оюмен өрнектелген. Сол қапталында бокшының жеке логотипі орыналасқан. Ал, белінде(алдында) боксшының есімі мен тегі, шортыдың артында лақап аты жазылған" - делінген.

Ал Қазақтың келесі жекпе-жегі кіммен және қай қалада өтетінін жақын күндері белгілі болады.

Қанат Ислам - кəсіпқой рингте 22 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен! Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Лақап аты - ҚАЗАҚ. WBA fedelatin, WBO intercontinental жəне UBC тұжырымы бойынша əлем чемпионы.