ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
3

Шетелдік танымал журналист Қанат Исламды «Бүкіләлемдік бокс суперсериясында» көргісі келетінін айтты

Журналистер Қанат Исламды «Бүкіләлемдік бокс суперсериясында» көргісі келеді. TheFightCity.com журналисті және Last Call радио тілшісі Крис Коннор World Boxing Super Series («Бүкіләлемдік бокс суперсериясы») турнирінде кімдерді көргісі келетінін жеткізді.

Бүгін, промоутер Калле Зауэрланд және Ричард Шефер «Бүкіләлемдік бокс суперсериясы» турнирін бастауды жөн көріп, жеңімпазға 50 миллион доллар жүлде қоры тапсырылатынын мәлімдеді. Бірінші кезең қыркүйек айында бастауын алады. Шоуда 16 боксшы қатыспақ, салмақ дәрежесі екі салмақ дәрежесінде өтеді.

Кездесулер плей-офф жүйесінде өтеді. Турнирге WBA, WBC, IBF және WBO тұжырымдары бойынша ТОП-15 кіретін ең мықты боксшылар қатыспақ. Коннор айтуынша, бұл турнирде қазақстандық бірінші орта салмақтағы Қанат Исламды (23-0, 19 КО) көргісі келетінін жеткізді. «Мен турнирде Қанат Ислам, Джулиан Уильямс (22-1-1, 14КО), Террелл Гауши (20-0, 9 КО), Джон Джексон (20-3, 15 КО), Брэндон Кук (18-0, 11 КО), Магомед Курбанов (10-0, 8 КО)», — секілді боксшыларды көргім келеді деді Коннор твиттерінде.

sports.kz