ru
Default banner
Разное
426 635 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бейбіт Шүменов АҚШ-та рух беретін қазақша ән тыңдап жаттығуда

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО)  2017 жылдың ақпан айында кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) жұдырықтасады.

Әзірге жекпе-жек өтетін орын мен уақыты нақты айтылмады. Дегенмен отандасымыздың дайындығы қазір тас-түйін. Күніне жаттықтырушымен бірге 2-3 мезгіл жаттығып жүр. Соңғы кездері Бейбіт өзінің инстаграмындағы парақшасына жаттығуының түрлі видеоларын жүктеп, жанкүйерлерін өзінің дайындығынан хабардар етуде.

АҚШ-та тұрып, сол елде дайындалып жүрген Бейбіт жаттығу барысында отандық әншілердің рух беретін әндерін тыңдайды.

"Сіздің дайындығыңызды қарсыласыңыз көріп, зерттейді деп уайымдамайсыз ба?" - деген жанкүйер сұрағына Бейбіт: "Ол оған бәрібір көмектеспейді" - деп жауап берді. Бұл сөзі Бейбіттің дайындығы мен сенімділігі жоғары деңгейде екенін аңғартады.