Қалеки — қазақ драма театрындағы «Бір кем дүние»
4 сәуір күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына ат басын бұрдық.
Есіктен кірген бойда шап-шағыр, жып-жинақы, көз тартатын мәдени орын жылы аурасымен баурап алды. Ондағы қызметкерлер де күліп қарсы алып, күлімдеп жүріп, көмек көрсетті.
Қойылым басталатын уақыттан ертерек келген едік. Театр ішін біраз аралап жүрдік. Онда,ы көзімізге жарқ ете қалғаны мына тақта болды.
Түрлі кештерден, концерттерден, бағдарламалардан, кинолардан көріп жүрген жарқын тұлғаларымыз осы театрда өнер көрсетеді. Осы театрдың мақтаныштары. Бұл суретте театр актерларының бір құрамасы ғана тұр. Дәл осындай санмен екінші құрам да бар. Онда да дүлдүлдер.

Ішке кіріп, орынға жайғасып болған соң, айналамызға көз тастадық. Залда толып отырған кілең жасөспірімдер. Мектеп оқушыларының сахна өнеріне бей-жай қарамайтыны, мәдени ортаға деген құштарлығы қуантты.
Театрдың залы шағын ғана. Балконмен бірге қоса алғанда екі жүзге жетпейтін көрермен тамашалай алады екен бір қойылымды.
Сахна мен көрермендердің жақын болуының жақсы тұсы бар: актерлардың барлық мимкасын байқауға болады, қойылым өте әсерлі шығады.

Біз келген қойылым - Шерхан Мұртазаның "Текебұрқақ" әңгімесінің желісімен қойылған "Бір кем дүние" драмасы.
Қойылымды сомдаған актерлардың шеберлігіне тәнті болмай отыра алмайсың. Драма да өте ойнақы. Бірде мұңға батырып алса, артынша қалай күлгеніңді байқамай қаласың.

Қойылымның мазмұны да керемет.
Ел-жұрттың сөзіне ермей, адал махаббаттарын сақтап қалған мылқау әйелі мен сегіз жыл бойы бала сүйгісі келетін ері. Байлыққа мастанып, табиғатқа қарсы шыққысы келетін байлар. Өзін адамзаттың ата-бабасымыз деп санайтын бөрілер. Өз салтын, өз ғұрпын қай жағдайда да бұзбайтын тауешкілер.
Табиғаттың қарама-қайшылығы керемет суреттеледі.
Адамның рөлін сомдау қиын емес-ау, тауешкі мен қасқырлардың бейнесін айнытпай көз алдыңда ойнату шебердің шеберінің қолынан келетін нәрсе.

Бұл қойылымды театрға барып көруге, Астанаға келуге мүмкіндігіңіз болмаса, біздің порталымыздан көрсеңіз болады (http://kaztube.kz/kz/video?category_id=13)
Тағы бір айта кететін жай...
АСТАНАЛЫҚТАР және қала қонақтары!!!
16-17 сәуір күндері осы театрда "Күн сәулесі түспеген" атты психологиялық драманың премьерасы болады. Барыңыздар, көріңіздер. Билет құны - 600 тг.
