Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Капоэйра — Бразилия өнері

13 сәуір күні Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында Капоэйра биінің кеші өтті. Халық ақырындап жатыр.

Хан шатырда халық көп. Дала суық болған соң адамдардың бәрі іште жүрген сияқты.
Капоэйра биінің басталуын күтіп отырған кез...

Хан шатырда халық көп болды. Сол күні дала суық болған соң адамдардың бәрі іште жүрген сияқты. Капоэйра биінің басталуын күтіп отырған кез...

Капоэйра - ойын, би, акробатика элементтерін араластыра отырып, Бразилияның ұлттық музыкасының ырғағымен жасалатын Бразилияның ұлттық төбелес өнері.

Капоэйра - акробатика, би қимылдары кездесетін өнер түрі. Бразилияның ұлттық әндері қосылып тұрады да, әр адам бір-бірлеп шығып, өнерін көрсетеді.

Arte de Gingar тобы өз өнерлерін көрсетті.

Көрермендер Бразилияның ұлттық өнерін кірпік қақпай тамашалап тұр. Жас та, кәрі де, Хан шатырда жүрген барлық адамдар осында.

Аяқпен теуіп, қолмен ұрып, айналып теуіп, қарсыласы одан қорғанып, сақтанып, сөйтіп жүріп, музыканың ырғағына дәл түсу керек. Қызық өнер екен. Arte De Ginger тобы өнер көрсетуде.

Капоэйра 18 ғасырда Оңтүстік Америкада қара нәсілді құлдардың ықпалымен туындаған. Ол кейін португалдықтардың үйреніп келген биінің дамыған түрі болды. Кейін бразилиялықтар сақтап қалды бұл өнерді.

Капоэрада қыздар да өнер көрсетті. Әрине музыка қосылып тұрды. "Паранавей" атты Бразилияның ұлттық әні ойнап тұрды артқы фонда :)

Бишілер кішкене демалып алмақ болды да, үзілісте кішкентай қыз ағылшынша ән айтты. Ләйлә осы әнді орындап, Ютубқа видео салған. Сол видеосы елу мыңнан астам рет көрілген. Әнді орындау шеберлігіне сөз жоқ!

Бұл бишілер тек билеп қана қоймай, Паранавей әнін де айтты жанды дауыспен. Дөңгелене тұра қалған адамдар қайырмаға қосылады. Ал екі адам ортаға шығып, Капоэйра билейді. Бразилияның бұл әуені керемет екен.

Бұл биді біздің портал түсірді :)

 
1
0
1960

Осы тақырып бойынша