Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеңімпаздарымыз марапатталды

Наурыз мейрамының құрметіне ұйымдастырылған конкурсымыздың жеңімпаздары анықталып, сыйлықтары табысталды.

Естеріңізде болса, порталымызға Наурыз мерекесін тойлау туралы суреттер жүктеп, оны әлеуметтік желілерде бөлісу керек болатын. Ең көп қаралған 2 суреттің егелері жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздар Capital Education үздік тіл мектебінде үш ай тегін ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік беретін сертификатпен марапатталды.

Жеңімпазымыз - Әйгерім. Әйгерім ұлттық киіммен есепшот шұқылап отырған балақайдың суретін салған. Біздің порталдың қолданушыларына сол сурет қызықты болған екен.

Әйгерім біздің порталға, конкурсты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Тағы бір жеңімпазымыз - Венера. Венераның да салған суреттері ерекше болды. Соның ішінде ұлттық киімдегі қарияның суреті көп қаралды.

Венера да конкурс ұйымдастырушыларына алғысын айтып, алдағы уақытта осындай шаралардың көптеп ұйымдастырылуын тіледі.

 

Жеңімпаздарымызды тағы да құттықтаймыз! Ағылшын тілін үйренуде еш қиындық болмасын!!!

1
0
829

Осы тақырып бойынша