Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Басып шығару А.Есімов есеп берді

Бүгін Алматы қаласының әкімі қала тұрғындарымен кездесіп, өткен жылдың есебін берді. Алып қаланың 2011 жылы жеткен жетістіктері баршылық. Халықаралық деңгейдегі дүбірлі жарыстарды абыроймен атқарып, әлем жұртшылығы алдында еліміздің туристік әлеуетін көтерді. Өнеркәсібі 14 пайызға өсіп, салық түсімдері 25 пайызға көбейген. Әрі осы жыл Алматыда «Мәдениет жылы» деп жарияланды. Осыған орай шаһарда жаңа мәдени нысандар салынып, ескі ғимараттардың көбі қайта жаңғыртылады. Сондай-ақ, қаланың шеткері аудандарындағы инфрақұрылымға қомақты қаржы бөлініп, шағын аудандар абаттандырылады.
Қала тұрғыны:
Біздің білгіміз келгені, Шаңырақ ықшам ауданындағы Алпамыс, Қаратау, Қобыланды, көшелерінде ауызсу құбыры және кәріз жүйесінің қашан тартылатынын білгіміз келеді.
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Құжаттар дайындалып жатыр. Дайын болғасын іске кірісеміз. Алатау ауданы біздің ерекше назарда. Көптеген мәселелер шешіліп жатыр.
0
0
312

Осы тақырып бойынша

Басып шығару А.Есімов есеп берді - Yvision.kz