Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Төтенше жағдайға жол бергендер жазаланды

Бірнеше күн бойына сарышұнақ аяз бен қаһарлы суықтың құрсауында қалған біздің Кентау қаласына бүгін кешкісін жылу беріле бастады.
«ЖылуЭнергоОрталығындағы» істен шыққан бес қазандықтың үшеуі қайта қосылды. Қазір мамандар тағы да апат бола қалған жағдайда пайдалану үшін қосалқы бір қазандықты іске қосып жатыр. Жылу жүйелерін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарымен 8 авариялық-техникалық топ айналысуда. Оның құрамында  48 маман мен 13 дәнекерлеуші бар. Сондай-ақ бесінші «ЖылуЭнергоОрталықтағы» жеткілікті отын қоры да жасақталды. 60 тонна мазут,  15 тонна қысқы дизель отыны жеткізілді. Кенеттен қажет болып қалған жағдайға 14,5 тонна көмір де түсіріліп қойды. Қаладағы төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы штаб өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ бүгін облыс әкімінің өкімімен апаттың шығу себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия жасақталды.
Дәурен Дүйсебаев, облыс әкімі баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:
Кентау қаласындағы төтенше жағдайды алдын ала тексеру нәтижелері апаттың ауа райының күрт суытуынан орын алғанын көрсетіп отыр. Айта кету керек, ТЭЦ-5-тің қазіргі басшысы жұмысынан босатылған, өзінің инвестициялық міндеттемелерін орындамаған. ҚР заңнамасына сәйкес апатты зерттеу, яғни нақты себебі арнайы ведомствоаралық комиссияның жұмысынан кейін  белгілі болады.
Ал төтенше жағдайға жол бергені үшін Кентау қаласы әкімі Нұржігіт Қалмұрзаевқа қатаң сөгіс жарияланды. Қала әкімінің орынбасары Әбдімәлік Алдамұратов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Қадырхан Төлепбергенов және жылу орталығының директоры Нұржан Қожахметов қызметінен босатылды.
0
0
338

Осы тақырып бойынша