Хоккейден Қазақстан жастары әлем чемпионатында үшінші болды
Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияда өткен әлем чемпионатында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірден айтайық, бұл – 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизиондағы «А» тобының додасы. Деңгейі жағынан екінші топ деп түсінген дұрыс. Қазақстан жеткіншектері былтыр бірінші дивизионның «В» тобында өнер көрсеткен. Бұл бір саты төмен топ болатын. Сонда Польша мұзайдынында өткен біріншілікте топ жарып, «А» тобына көтерілген. Ал биылғы әлем чемпионатындағы басты мақсат қайтадан бірінші дивизионның «В» тобында түсіп қалмау болатын. Ал егер бозбалаларымыз жоғарғы дивизионның жалғыз жолдамасын жеңіп алса, «нұр үстіне нұр» деп бөркімізді аспанға атар едік… Жалпы, жігіттер сенімді ақтады, көштен де қалған ж…



