Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Теннис: Зарина Дияс Куала-Лумпурда WTA турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды sports.kz.

Доданың екінші айналымында ол итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Дияс әлемдегі ең үздік 100 теннисшінің қатарында. Ал итальяндық спортшы WTA рейтингісінің тек 237-орнында тұр.

Бұның алдында 20 жастағы З.Дияс бірінші айналым матчында Грекияның 31 жастағы спортшысы Элени Данилидуді 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
259

Зарина Диас WTA турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Куала-Лумпурде өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына өтті.

Дүниежүзілік  рейтінг бойынша 93-орынға табан тіреген жерлесіміз байрақты бәсекенің бірінші кезеңінде әлемнің 290-ракеткасы Грециялық Элени Даниилидумен кездесіп, жеңіске жетті. Бір сағаттық сында Зарина қарсыласынан 6:2,6:2 есебімен басым түсті. Отандасымыз алда тунистік Онс Жабер және италиялық спортшы Джулии Гатто-Монтиконе арасындағы матч жеңімпазымен бақ сынасады. Естеріңізге сала кетейік, аталған  турнирдің жүлделік қоры – 250 мың АҚШ доллары.

0
0
257

Шымкентте теннистен халықаралық екі турнир өтуде

Жарыстар ITF Women’s және Men’s Futures деңгейінде және әрқайсысының жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын құрайды. Мұнда Қазақстан, Ресей, Испания, Болгария, Австралия, Сербия, Өзбекстан, Словакия, Грузия, Молдова, Эстония, Беларусь және Қырғызстаннан барлығы 112 спортшы өнер көрсетуде. Турнир Халықаралық теннис федерациясының күнтізбелік ойын тәртібіне сәйкес өтуде. Жүлдегерлер19сәуірде анықталады. Диас Досқараев, ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері: - Бұл жерде туған жылына қарамайды. Жасын қаншада болса да қатыса бересің. Сондықтан бізге, бапкерлерге, әрине өте маңызды, осындай жарыстар. Бізде жас балалар өсіп келе жатыр. Осы жарыстарда біздің жас қыздарымыз да бірінші рет қатысуда. Камила Болатова, Томирис Қошмұханова, осы Шымкент қаласынан жақсы қыз өсіп келе жатыр. Жанель Тұрарбек деген қыз…

0
0
320

Азияның клубтық чемпионатында «Конденсат-Жайықмұнай» жартылай финалға шықты

Филиппинде волейболдан өтіп жатқан Азияның клубтық чемпионатында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» жартылай финалға шықты.

«Жайық» волейбол клубының басшысы Шоқан Кеңесовтің айтуынша, ширек финалда Игорь Никольченконың шәкірттері Ирактың «Gas Al-Janoob» («Газ Әл-Жануб») командасын 3:0 есебімен ұтты. Ертең жартылай финалда батысқазақстандықтар Катар немесе Филиппин командаларының біреуімен сынға түседі. Осының алдындағы топтық бәсекеде «Конденсат-Жайықмұнай» катарлықтардан жеңіліп қалған болатын.

Мұндай жарысқа тұңғыш қатысып отырған «Конденсат-Жайықмұнайдың» жартылай финалға шығуының өзі — жақсы жетістік. Бұдан бұрын ел чемпионы «Алматы» осындай клубтық біріншілікте тоғызыншы орынды иеленген еді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
285

«Тобыл» футбол клубы бас бапкер іздеуге көшті

Бүгін Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов «Тобыл» футбол клубы ұжымымен кездесіп, бас бапкердің отставкаға кету жөніндегі шешімін қабыл алғандықтарын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Тобыл» футбол клубының ресми сайты бүгін түстен кейін аймақ басшысы Нұралы Сәдуақасовтың »Затоболец» стадионында облыс командасымен кездескендігін жариялады. Онда облыс әкімі: »Бәріңіз де жағдайдың қандай екендігін білесіздер деп ойлаймын. Алты ойын – бір жеңіс, екі тең ойын, үш жеңіліс. 10-орын, бар болғаны үш-ақ гол соқтық. Осындай құраммен және осындай бюджетпен «Тобыл» өзіне лайықты орында емес. Осы жерде клубтың тарихын еске түсіруіміз керек. «Тобыл» жаңа заманда жүлделі орындарға таласатын. Басқадай ойын біздің жанкүйерлерге керек емес», – деп тоқетерін айтқан. Әрі дәл қазір дайын тұрғ…

0
0
434

«Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу сыны барлық ауылда өтті

Қазақ күресінен маусым айының соңында өтетін «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу ойдағыдай өтіп жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz сайтына сілтеме жасап. Әзірге «Қазақстан Барысына» іріктеу кезеңінің І айналымын сәтті өткізген бес аймақ белгілі болып отыр. Соның ішінде, Қызылорда облысының барлық ауыл-аймағында іріктеу кезеңі 100%-ға өткізілген. Одан кейін Жамбыл облысындағы 156 селолық округтің 148-інде іріктеу кезеңдері өткізіліп, нәтижесі 94,8% болды. Былтыр іріктеу жағынан кемшін түскен Қарағанды облысындағы 9 аудан мен 181 селолық округте бұл жолғы кезеңдерден сырт қалмады. Іріктеу сындары Ақтөбе облысының Байғанин, Темір және Ырғыз аудандарына қарасты елді мекендердің барлығында өтті. Ал Атырау облысындағы 7 ауданның екеуіне қарасты елді мекендерде (Ж…

0
0
484

Боксшы жастарымыз әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Софияда (Болгарияда) жастар арасындағы әлем чемпионаты басталып, Қазақстан қырандары ішінен бірінші болып шаршы алаңға шыққан Оразхан Ергеш жеңіске жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін Софияда жастар арасындағы әлем чемпионаты «пердесін» түрді. Біздің жас талантарымыздың ішінен бірінші болып 52 келі салмақ дәрежесіндегі Оразхан Ергеш бақ сынады. Ол Италия үміті Винченцо Колелламен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ертең екі жас талантымыз, атап айтқанда, Сұлтан Зауырбек (56 келі) және Абылайхан Жүсіпов (60 келі) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Реті келгенде айта кетейік, биылғы әлем чемпионатының жөні бөлек. София шаршы алаңында чемпиондық атақпен қоса Нанкинде өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялары сарапқа салынады. Ж…

0
0
435

Зарина Диас үздіктер қатарындағы орнын сақтап тұр

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде әлемнің үздік жүз теннисшісінің қатарындағы орнын сақтап тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. 20 жастағы Зарина Диас — 93-орында. Ал үздік теннисшілердің қатарындағы тағы екі отандасымыз Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева екі сатыдан төмен сырғыған. Қазақстанның бірінші ракеткасы Шведова 53-орыннан 55-орынға түссе, Воскобоева 63 орыннан 65 сатыға төмен түскен. WTA тізімінде үздік 500 теннисшінің қатарындағы қазақстандықтардан Юлия Путинцева 157 орыннан 159 орынға, Сесиль Каратанчева 175-орыннан 179-орынға, Кәмила Керімбаева 292-сатыдан 296-сатыға төмен сырғыған. Бұл аптадағы жаңартылған WTA тізімінің көшбасшылар қатарында өзгеріс жоқ. Бірінші ор…

0
0
342

Қазақстандық боксшы О. Ергеш Болгариядағы әлем чемпионатында итальяндық В. Колеллден басым түсті

52 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Оразхан Ергеш итальяндық Винченко Колеллді 2:1 есебімен сүріндіріп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясынан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл Софияда (Болгария) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші жарыс күніне қазақстандық спортшылардың алғашқы шығуы.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
238

Боксшыларымыз екі бірдей халықаралық турнирден жүлделі оралды

Өткен демалыс күндерінде Финляндия мен Польшада бокстан екі бірдей халықаралық турнир өтті. Онда қазақстандық боксшылар 8 медаль: 4 алтын, 1 күміс, 3 қола ұтып алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясынан хабарлады. Қайрат Ерәлиев (56 кг), Айдар Әмірзақов (64 кг), Асқар Абдуллаев (91 кг) Хельсинки қаласында 13 сәуірде өткен «GeeBee» турнирінде бірінші орыға табан тіресе, Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) күмісті еншіледі. Ал Әділет Құрметов (52 кг) үшінші орынды місе тұтты. Бұл турнирге 12 елден жалпы саны 66 спортшы қатысты. Ал Варшава қаласында 12 сәуірде аяқталған «Феликс Штамм» турнирінде Жомарт Ержан (49 кг) қарсыластарының барлығын тізе бүктіріп, ең жоғарғы тұғырға көтерілді. Рустам Сваев (75 кг) пен Алексей Севастьянов (91 кг) қола жүлдені қанжығаларына байлады. Варшавадағы турнирге қаз…

0
0
417