Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Геннадий Головкин соққының дәлдігі бойынша рейтингте үштікке енді

Геннадий Головкин

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жектердегі  соққылардың есебімен айналысатын CompuBox компаниясының «плюс/минус» рейтингінде үштікке енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтинг «плюс/минус» -  дәл тиген және босқа сілтенген соққылар арасындағы айырмашылықтар. Сарапшылардың есептеулеріне қарағанда, Геннадий Головкиннің соққыларының 39 пайызы өз нысанасына дөп тиіп жатқан. Ал ауа қармап қалуы — 22 пайыз.

Соған сәйкес қазақстандық боксшының шабуылы мен қорғанысының айырмашылығы + 17. Осы жетістіктерінің арқасында Геннадий Головкин соққысының тиімділігі жағынан боксшылар арасындағы рейтингте үшінші орынды иеленді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
148

Осы тақырып бойынша

Геннадий Головкин соққының дәлдігі бойынша рейтингте үштікке енді - Yvision.kz