«KAZsport» телеарнасы Англия премьер-лигасының футбол матчтарын көрсететін болады
«KAZsport» телеарнасы футболдан Англия премьер-лигасын трансляциялау құқығын сатып алды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында телеарна директоры Диас Ахметшәріп мәлім етті.
«Біз жақында Англия премьер-лигасын трансляциялауды бастайтын боламыз. Қазіргі уақытта көрсетілім құқығын рәсімдеу бойынша ұсақ құжат жұмыстарын аяқтау ғана қалды және 2014 жылдың тамыз айынан бастап, біз Англия чемпионатының толыққанды трансляциясын жасамақпыз», — деді ол.
Оның айтуынша, көрсетілім құқығы екі маусымға сатып алынады.
Сонымен қатар телеарна ауыр атлетикадан әлем чемпионатын, Австралияның және Ұлыбританияның теннистен ашық біріншілігі мен Тур де Франс веложарысын көрсетуді жоспарлауда.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев

