Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Хоккей: Жерлестеріміз тағы да есе жіберді

Қазақстан мен Беларусь хоккейшілері кездесіп, 4:1 есебімен қарсыластар басым түсті, деп жазады 24kz.

Кездесу басында Қазақстан құрамасының мүшесі Андрей Гаврилин есеп ашты. Алайда екінші кезеңде айдын иелері бірден екі шайба соғып, командасын алға шығарды. Ал 3-кезеңде Беларусь спортшылары тағы 2 шайба соғып, жеңіске жетті.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
182

Қазақстандық Максим Раков Бакудегі «Үлкен дулыға» турнирінің алтын жүлдесін еншіледі

Қазақстандық дзюдошы Максим Раков  Бакуде өткен «Үлкен дулыға» турнирінің алтын медалін қанжығаға байлады, деп хабарлайды  Sports.kz.

Финалдық белдесуде 100 келі салмақ дәрежесіндегі Раков Азербайжан палуаны Эльхан  Мамадовты тізе бүктірді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
296

БОКС: Иван Дычко рингке қайта оралады

2013 жылғы қарашадан бастап шаршы алаңға шықпаған қазақстандық боксшы Иван Дычко Ташкентте Сидней Джексон мемориалына қатысады, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясы баспасөз қызметінен.

Ташкенттегі бәсекеге Дычкодан басқа төрт қазақстандық барады. Олар: Закир Сафиуллин (60 келіге дейін), Алмасбек Орынғалиев (69 келіге дейін), Сапарбай Айдаров (75 келіге дейін) және Нұрдәулет Жарманов ( 81 келіге дейін). Турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері, ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко Алматыдағы әлем чемпионатының финалында Магомедрасул Меджидовтен нокаутпен жеңілген болатын. Ол рингтен дәрігерлердің көмегімен кетті. Спортшының бабына келуі үшін бір жылдай уақыт қажет болды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
246

Ресейлік промоутер Геннадий Головкинге «қарсылас» таңдады

Боксшы Александр Поветкиннің экс-промоутері ресейлік Владимир Хрюнов қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге «қарсылас» таңдады, деп жазады vesti.kz. Бұдан бұрын хабарланғандай, WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші Чавес арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Владимир Хрюновтың пайымынша, егер де осы жекпе-жек болғанда Геннадий Чавесті нокаутқа жіберер еді. Сонымен қатар «Головкинге спорттық тұрғыда болашақта қарсылас ретінде кімді ұсынар едіңіз?» деген сауалға ол: «Қазіргі кезде жағдай былай өрбуде: 1 маусымда Дмитрий Чудинов Патрик Нильсенмен жекпе-жекте өзінің титулын қорғайды. Бұдан кейін Джаррод Флетчермен кездесу жоспарда бар. Осыдан кейін Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинмен жекпе-же…

0
0
181

С. Бердіқұловты еске алуға арналған турнир жеңімпазы анықталды

Сейдахмет Бердіқұлов

Астанада шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир мәреге жетті, деп жазадыkaztrk.kz.

Сейдахмет  Бердіқұловтың  туған күнінде -  9 мамырда  Алматы қаласынан бастау алған бұл дәстүрлі турнир биыл алғаш рет Астанада өтті.

Жылдан бастап жарысты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі  ойынды  Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Екі күнге созылған жарыста еліміздің әр аймақтарының телеарна, газет тілшілерінен жасақталған футбол командалары өзара бақ сынады. Бірінші орынды «Алматы» телеарнасының құрамасы жеңіп алды. Екінші орында «Хабар» телеарнасының Алматы бюросының командасы, ал үздік үштікті «Оңтүстік Қазақстан»  газетінің тілшілері қорытындылады.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
174

Хоккей: ӘЧ алғашқы кездесуінде Қазақстан Германияға есе жіберді

Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Германия командасына буллит сериясында есе жіберді, деп хабарлады Қазспорт телеарнасының ресми сайты. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Матчтың 11 минутында есепті қазақстандық құрама ашты. Шайбаның авторы — Андрей Гаврилин. Артынша германиялық Маттиас Плахта есепті теңестірді. Бұдан кейін екі команда да негізгі уақыт аяқталғанша бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Овертаймда да есеп өзгерген жоқ. Тек буллит сериясында Германия құрамасы басымдығын көрсете білді. Айта кетейік, біздің хоккейшілердің келесі ойыны 11 мамыр күні Беларусь Республикасы командасымен өтеді. Ал 13 мамырда Қазақстан құрамасының қарсыласы Латвия, 14 мамырда - Ресей, 16 мамырда - АҚШ, 17 мамырда -Швейцария, сонымен б…

0
0
251

Зидан «Бордо» клубын жаттықтыруы мүмкін

«Бордо» футбол клубы Зинедин Зиданды бас жаттықтырушылыққа шақыруда, деп хабарлады шетелдік БАҚ. Таратылған ақпаратқа қарағанда, бейсенбі күні клуб президенті Жан-Луи Трио мен бас акционер Николя де Таверно «Реал» клубы бас жаттықтырушысының ассистенті Зиданға екі жылдық ресми ұсыныс жасау үшін Мадридке аттанып кеткен. Сонымен бірге, бұл ұсынысқа Зиданның чемпиондар лигасының финалына дейін жауап бермейтіндігі айтылуда. Өйткені 24 мамырда «Реал» маусымдағы соңғы кездесуін өткізеді. «Бұл мәселеге қатысты әзірше ештеңе айта алмаймыз. Бәрі өз уақытында», - деп атап өткен Жан-Луи Трио сөзін Inside spanish football басылымы келтіріп отыр. Егер Зидан «Бордо» клубын жаттықтырудан бас тартар болса, онда Франция жастар құрамасының бас жаттықтырушысы Вилли Саньоль келесі кандидат болмақ. АСТАНА. Қа…

0
0
144

Футбол: Бейжіңде өткен турнирде Қазақстан дипломаттары топ жарды

Сенбі күні Бейжіңде өткен футболдан дипломаттар арасындағы XVIII турнирде Қазақстан Елшілігінің құрама командасы алғаш рет бірінші орынды жеңіп алды. Тартысты сайысқа Қытайда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің 16 командасы мен Қытай СІМ құрамасы қатысты. Іріктеу жарысында Қазақстан құрамасы өз тобында жеңіске жетіп, дипломатиялық футбол чемпионатын одан ары жалғастыруға мүмкіндік алды. Шиеленісті өткен ширек және жартылай финалдарда Қазақстан дипломаттары ҚХР СІМ мен Ресей елшілігі командаларын тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдаманы иеленді. Ал финалдық кездесуде қазақстандықтар Германия елшілігінің құрама командасын негізгі кезең аяқталғаннан кейін пенальти сериясында жеңді. Кездесудің негізгі және қосымша уақытында есеп 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. Осыдан кейін командалар 11 мет…

0
0
265

Әлем чемпионатының екінші матчында ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жасақталды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин хоккейден Әлем Чемпионатының екінші матчында ойнайтын спортшылардың тізімін берді, деп хабарлайды Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі. «Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабы өтінімге өзгерістер енгізбеуді шешті. Беларусьпен болатын ойында ұлттық құрама кешегі құраммен шығатын болады», — делінген хабарламада. Қақпашылар: Виталий Еремеев, Алексей Иванов. Бірінші бестік: Вадим Краснослободцев, Николай Антропов, Роман Старченко. Қорғаушылар: Алексей Литвиненко — Кевин Даллмэн. Екінші бестік: Константин Пушкарев, Дмитрий Уппер, Константин Романов. Қорғаушылар: Артемий Лакиза — Роман Савченко. Үшінші бестік: Талғат Жайлауов, Федор Полищук, Андрей Гаврилин. Қорғаушылар: Антон Казанцев — Алексей Васильченко. Т…

0
0
165

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Минскіге келді

Хоккейден Қазақстан құрамасы 9 мамырда басталатын әлем чемпионатына қатысу үшін Минскіге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық хоккейшілер Минскіге Парижден келді. Олар Францияда соңғы дайындықтарын  өткізген болатын.  Жерлестеріміз алғашқы ойында 10 мамыр күні Германия құрамасымен кездеседі.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Ресей, Финляндия, Швейцария, Германия, Латвия және Беларусь командаларымен ойнайды.

Еске сала кетсек, әлем чемпионаты Минскіде 9-25 мамыр аралығында өтеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
163