Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Грек-рим күресінен өткен ел чемпионатында қызылордалықтар 4 жүлде олжалады

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында жастар арасында грек-рим күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан қызылордалық спортшылар жүлделі оралды. Қазақстанның барлық аймағынан 180 спортшы қатысқан ел чемпионаты 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Аталмыш сында грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Виктор Юн, бапкерлер Қанат Көбегенов және Райымбек Ғабиденнің шәкірттері 4 жүлдені олжалады. Атап айтсақ, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанса, 66 келіде Айдос Мұхан мен 84 келіде Руслан Тұрсынбек қола жүлдені иеленді. Облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығынан 96 келіде сынға түскен Олжас Сырлыбай күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және сп…

0
0
293

Головкин Коттоға шегінерге жер қалдырмады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин пуэрторикандық Мигель Коттоны бұрышқа тығып, оның кейін шегінер жолдарының барлығын бөгеді. Thaboxingvoice.com порталының авторы Раян О’хара осындай пікір ұстанып отыр. WBC ережелері бойынша Котто таяу уақытта шаршы алаңға белбеуге міндетті үміткер — GGG-ға қарсы шығуы тиіс екені бұрыннан белгілі. Пуэрторикандықтың командасы осы кездесуден қашқақтап, бұл ретте атағын қараша айына дейін, Коттоның мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегі өткенше ұстап тұруға әрекет тырысып отыр. Бұл ретте журналист Котто Альвареспен айқаста жеңіске жетсе, Головкиннен тағы қашқақтап, артқа шегінудің түрлі жолдарын ойластырып-ақ жатыр — пуэрторикандықтың командасы қазақстандықты салмақ түсіруге итермелеуі әбден мүмкін, бірақ GGG онымен айналысып жүр. «…

0
0
334

Заманауи спорт нысандары жастарды жетістікке жетелейді

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында ауқымды нысандар шоғырланғалы сәулеттік сәнімен дараланды. Спорт қалашығы қалыптасып келеді. Мұнда садақ ату, орталық су спорты және жеңіл атлетикалық кешен мен даңқты спортшылар аллеясы бар. Аталған нысандардың қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқаны туралы тиісті сала басшылары журналистерге есеп берді», деп хабарлайды shymkenttv.kz. Облыстық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі олимпиадалық спорт ойындарының 9 түрінен спортшылар дайындайды. Жаңадан қабырғаға оқ ату, садақ ату және таэквондо түрлерінен бөлімдер ашылып, жұмыстар жүргізілуде. Мұнда республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар ұйымдастырып, оқу-жаттығулар өткізуге толық мүмкіндік бар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар жоғары спорт шеберлігі мектебі 9 «Қазақ…

0
0
535

Қазақстан кубогы үшін бәсеке Аралбай Махамбетовті еске алуға арналды

24-30 маусым аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетовті еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының II кезеңі аяқталды. Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған ел кубогына Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 13 команда, 125 шахматшы қатысты. Швейцар жүйесі бойынша әр ойыншыға екі сағат уақыттан берілді. Сондай-ақ, 23 мамыр күні халықаралық гроссмейстерлер Әнуар Исмағанбетов пен Павел Коцурдың қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. 7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте Астана қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қызылорда облысының командасы еншілесе, үшінші орын Оңтүстік Қазақстан…

0
0
482

Игорь Свечников «Бәйтеректің» бас бапкері болып тағайындалды

Игорь Свечников

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Бәйтерек» футбол клубына 53 жастағы Игорь Свечников бас бапкері болып тағайындалды деп хабарлады Sports.kz.

Игорь Свечников Степногор футбол мектебінің өкілі. Ол Целиноград футбол командасының сәтті ойын көрсетуі үшін заманында көп үлес қосқан ойыншы болаған.

Ол бұған дейін «Жеңіс», «Жетісу», «Намыс», «Астан», «Оқжетпес» командаларында жетекшілік етті.

0
0
384

Кішкентай зілтеміршілер Қостанайда сайысқа түсті

Кішкентай зілтеміршілер Қостанайда сайысқа түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Маусымның 28-і мен шілденің 5-і аралығында Қостанай қаласының Спорт сарайында ауыр атлетикадан 1999-2000 жылы туған және 2001 жылы туған және одан да кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлады confederation.kz сайтында.

Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан келген 354 спортшы қатысып отыр.

Олардың көбісі спорт алаңына алғаш рет шығып отыр. Кішкентай зілтеміршілерді қолдау үшін Қостанайға аты шыққан чемпион Илья Ильин келіп, Қазақстан чемпионатын салтанатты түрде ашты.

0
0
435

Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты

Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан ел біріншілігі аяқталды. Оған Ақмола облысынан басқа барлық өңірлерден 240 палуан қатысты.

Дүбірлі дода нәтижесінде 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен Қарағанды облысының спортшылары бірінші орын алды.

Екінші орында — 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль ұтқан Қызылорда дзюдошылары. Шығыс Қазақстан облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен үшінші орынға табан тіреді, деп хабарланған ҚР дзюдо федерациясының сайтында.

0
0
332

«Астана» командасы Тур де Франс додасына қатысатын велошабандоздардың тізімін жариялады

Қазақстандық «Астана» велокомандасы өткен жылғы  Тур де Франс жеңімпазы Винченцо Нибалиге өз титулын қорғап қалуына көмектесу үшін Тур де Франс-2015 жарысына қатысатындарды атады, деп жазады velolive.com.

4 шілдеде Утрехтте жарыс жолына төменде аты аталған спортшылар шығады:

Винченцо Нибали (Vincenzo Nibali), Ларс Боом (Lars Boom), Микеле Скарпони (Michele Scarponi), Андрей Гривко (Andrei Grivko), Дмитрий Груздев (Dmitriy Gruzdev), Лиуве Вестра (Lieuwe Westra), Танел Кангерт (Tanel Kangert), Якоб Фуглсанг (Jakob Fuglsang), Рейн Таарамяэ (Rein Taaramae).

Тур де Франс жеңімпазы титулын қорғауға Винченцо Нибали топтық жарыста Италияның чемпионы ретінде шығады.

0
0
262

Диястың жеңісті жолын Ю.Путинцева жалғады

Лондонда кеше басталған Уимблдон турнирінде қазақстандық, әлемнің 95-інші ракеткасы, 20 жасар Юлия Путинцева өзінен жеті жас үлкен жаңазеландиялық, дүниежүзілік рейтингте 86-ыншы орында тұрған Марина Эраковичпен күш сынасты. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, тартысты өткен бірінші партияда тай-брейкте Ю.Путинцева 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Екінші партия 7:5 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші айналымда Юлия атақты американдық, Серенаның апасы, осы турнирдің 16-ыншы ракеткасы Винус Уильямспен шеберлік байқасады. Ол тағы бір американдық Мэдисон Бренглді бет қаратпай, 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, Уимблдон турнирін жеңіспен бастаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс екінші айналымда белоруссиялық Александра Сасновичпе…

0
0
336

Биыл кім «Қазақстан Барысы» атанады?

АСТАНА. ҚазАқпарат — Осымен бесінші мәрте жалауы желбірейтін биылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу сындары еліміздің барлық аймағында мәресіне жетіп, жүзден жүйрік атанған ең мықты 33 балуан шілденің 4-і күні Астанада өзара белдеседі. Астана күніне орай ұйымдастырылғалы отырған додаға еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан топ жарған 32 балуан мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» атанған Мұхит Тұрсынов 4 шілдеде елорда төріндегі «Сарыарқа» республикалық велотрегінде күш сынасады. Сонымен, «Қазақстан Барысының» финалына жолдама алған балуандар тізімі төмендегідей: Ақмола облысы 1. Нұрлан Жамалов Бүркеншік аты: Ақмола арланы Туған жылы: 20 маусым 1986 ж. Бойы: 188 см. Салмағы: 96 келі Спорттағы жетістіктері: Қазақ күресінен спорт шебері. Қазақ күресінен ҚР Халық ойындары…

0
0
536