ӘЧ-2014: Жапония-Грекия матчы тең аяқталды
Бүгiн Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында Жапония мен Грекия құрамалары кездестi.
Ойын өте тартысты өткенiмен, командалар қақпаға гол сала алмай кеттi. «С» тобында 6 ұпаймен Колумбия құрамасы көш бастауда. Екiншi сатыда 3 ұпай жинаған Кот’Д Ивуар тұр, ал Жапония мен Грекия бiр-бiр жеңiлiспен және бiр тең ойынмен әзiрге үшiншi орындарды бөлiсуде.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Футболдан Әлем чемпионаты-2014
АСТАНА. ҚазАқпарат

