БОКС: 10 қазақстандық боксшының алтауы келесі кезеңге шықты
Төрт боксшы: Теміртас Жүсіпов (49 кг), Әділет Құрметов (52 кг), Ерлан Тәмемов (52 кг) және Алмасбек Орынғалиев қарсыластарына есе жіберіп алды.
Ал қалған боксшылар Жомарт Ержан (49 кг), Ілияс Сүлейменов (52 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Зәкір Сафиуллин (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) және 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек Ниязымбетов қарсыластарынан басым түсті.
Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдыстығы — АИБА-ның қамқорлығы аясында өтіп жатқан бұл турнирге әлемнің 12 елінен 106 боксшы қатысуда. Олар: Әзербайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Украина, Филиппин елінің және Қазақстанның былғары қолғап шеберлері.
Бір айта кететін жайт, бокстан Ирак құрама командасын бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бұрынғы бапкері Дамир Буданбеков басқаруда.
Бокстан Қазақстан құрама командасының қазіргі бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, бұл турнир — алдағы қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына дайындалудың соңғы кезеңі болып табылмақ. Сондықтанда бұл турнирге ұлттық құрама команданың барық үш құрамы да қатысып отыр. Азиадаға баратын боксшылар осы турнирден кейін белгілі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, турнир жеңімпаздарына 4 000 доллардан табыс етіледі. Екінші орын алған күміс жүлдегерлер 2000 доллардан алса, үшінші орын алғандарға 1000 доллардан беріледі.
Бүгін барлығы 15 жекпе-жек өткізілді.
Ертең, турнирдің екінші күнгі сайыстары Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында түстен кейін сағат 16:00-де басталады. Кіру тегін.

