Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Вильярреалмен» өткен ойын бiзге үлкен сабақ болды — «Астана» бапкерi

Испаниялық «Вильярреалмен» болған кездесу «Астана» футбол клубы үшiн үлкен сабақ болды. Матчтан кейiнгi баспасөз мәслихатында команданың бас бапкерi Станимир Стойлов осылай дедi. «Бүгiн бiз барлық күшiмiздi ойынға жiбердiк. Жеңiске деген құштарлық та, мiнез де, рух та болды. Бiз өз мүмкiндiгiмiздiң ең жоғары шегiне жеттiк. Бiзде көп оңтайлы жағдайлар болды гол салатын, дегенмен оны жүзеге асыра алмадық. Жалпы ойын жоғары деңгейде өттi. Бiз өте мықты командамен ойнадық. Бұл — біз үшiн лкен сабақ. Сонымен қатар, мен қазыларға көңiлiм толмады. Ойынның басында ол екi сары қағаз көрсеттi бiрден. Бұл да әсер етті» , — дедi ол. С. Стойлов «Астана» мен «Вильярреал» арасындағы текетiреске әлi нүкте қойылған жоқ деп отыр. «Испанияда қарымта матч өткiземiз. Бiз жан салып ойнайтын боламыз. Ойында бар…

0
0
264

«Ақтөбе» 0:1 есебiмен «Легияға» жол бердi

Еуропа Лигасы аясында «Легиямен» кездескен «Ақтөбе» 1:0 есебiмен қарсыласына тiзе бүктi.

«Ақтөбе» қорғаушылары матч бойы өте сауатты қорғанып, өткiр шабуылдарға шығып отырды.

Ойынның 26-минутында Валерий Коробкин есеп ашатын жүз пайыздық мүмкiндiктi пайдалана алмады. Тиiмдi тұстан доп алған ол қақпадан биiк тептi. Екiншi таймның басында қазақстандық футболшылар өз қақпаларына доп енгiзiп алды.
Қорғаушылардың назарынан тыс қалған Дуду өз командасының мерейiн үстем еттi. Және бұл осы матчтағы жалғыз гол болды.

Ендi қарымта матч 28 тамызда Варшавада өтедi.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
232

Шахматшы Бибісара Асаубаева Дубайдағы турнирде жеңіп шықты

10 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Дубайда өткен жастар арасындағы турнирде жеңіп шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz Дубайда өткен 13th Dubai Juniors Chess Championship 2014 турниріне 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан. Жалпы турнирге БАӘ, Әзірбайжан, Үндістан, Алжир, Бруней, Мысыр, Шри-Ланка, Иран, АҚШ, Либерия және Сириядан 130 қатысушы тіркелді. Турнир барысында Бибісара мүмкін болған он ұпайдың сегізін жинап, жалпы есепте бірінші орын алды. Екінші орын Үндістан, ал үшінші орын Әзірбайжан спортшысына бұйырды. Айта кетейік, 2014 жылдың шілде айында Бибісара Асаубаева шахтматтан Азияның күміс медалін олжалаған болатын. 10 жастағы қазақстандық шахматшының Азия чемпионы атануына небәрі жарты ұпай жетпей қалды. Содан кейін спортшының анасы Лиана Таңжарықова спортшының мұнда…

0
0
469

«Барселона» Суаресті 81 миллион еуроға сатып алды

Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес өз қатарына қосып алу үшін «Барселона» 81 миллион еуроға шығындалды, — хабарлайды РИА Новости. Өткен маусымда ағылшынның «Ливерпулі» сапында ойнаған Суарес каталониялық клбупен бесжылдық келісімшарт жасады. Шабуылшы сейсенбі, 19 тамыз күні «Леон» клубына қарсы болған кездесуде өзінің жаңа клубы сапындағы алғашқы ойынын өткізді. «Суарестің трансфері 81 миллион еуро болды», — дейді «Барселонаның» вице-президенті Жорди Местре. Еске салайық, Суарес Бразилияда өткен әлем чемпионатында басы дауға қалды. Ол 24 маусым күні Уругвай мен Италия құрамалары арасындағы ойында италиялық қорғаушы Джорджио Кьеллинидің иығынан тістеп алған болатын. Бірақ бұл эпизод кездесудің бас төрешісі Марко Родригестің назарынан тыс қалды. Осы ойыннан кейін ФИФА-ның тәртіпті б…

0
0
267

Головкин Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасуға келісті

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы — мексикалық Марко Антонио Рубио жекпе-жек өткізуге өзара келісті, — деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын. Бұған дейін Головкиннің Bleacherreport.com сайтының нұсқасы бойынша «2014 жылдың боксшысы» атағына үміткерлер тізіміне қосылғаны хабарланды. Тізімдегі жеті…

0
0
275

Батысқазақстандық университет қызметкерлері спорттың бірнеше түрінен президенттік сынама тапсырды

18-19 тамыз күндері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері спорттың бірнеше түрі бойынша президенттік сынама тапсырды. Білім ордасының «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Рауан Тұрдалиевтың айтуынша, екі күнге жоспарланған спорттық шараның алғашқы күнінде 300-ден астам адам норматив тапсырды. Ер-азаматтар белтемірде кім мықты екендігін анықтаса, қыз-келіншектер арқасынан жатып денесін көтеру, сонымен қатар орнынан ұзындыққа секіру сияқты сынақтарда ептілік жарыстырды. Жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінген қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, әріптестік әдемі әзіл-қалжың мен жолдастық сыйластық ауанында спорттық мерекенің көрігін қыздырды. Әсіресе, орта жастағы қатысушылардың президенттік сына…

0
0
423

Су добынан Әлем кубогы: сербтер Черногория командасын айқын басымдықпен жеңді

Бүгін Алматыда су добынан Әлем кубогы ойындары басталды. Жарыстың бірінші күні Сербия құрама командасы Черногориялықтарды 9:3 есебімен тізе бүктірді.

Бірінші кезеңде Сербия командасы қарсыластарын 4:0 есебімен жеңді. Екінші кезең екі команда үшін де аса шиеленісті жағдайда өтті. Бірақ, соған қарамастан сербиялықтар екінші кезеңді 3:2 есебімен өз пайдаларына шешті. Үшінші кезең де сербиялықтардың басымдығымен өтті. Есеп 3:2

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Орталық жүзу бассейнінде 19-24 тамыз аралығында ерлер арасындағы ұлттық құрама командалардың қатысуымен Халықаралық суда жүзу федерациясының (FINA) Әлем кубогы ойындары өтуде. Әлемдегі ең мықты деген 8 ұлттық құрама команда кубок үшін бақ сынасады.

 
Басты сөздер: АлматыСпорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
0
0
254

Голубев Winston-Salem Open жарысының алғашқы айналымынан аса алмады

Қазақстандық теннисшi Андрей Голубев
Қазақстандық теннисшi Андрей Голубев АҚШ-та Уинстон-Салем турнирiнiң бiрiншi айналымында бельгиялық Игор Сийслингке 7:6 (7:5), 6:3 есебiмен жол бердi.

ATP сериясындағы Winston-Salem Open жарысының жалпы сыйақы қоры 683 705 долларды құрайды.

Гоффен (Бельгия) — Мельцер (Австрия) — 6:3, 6:4

Дельбонис (Аргентина) — Клижан (Словакия) — 7:6 (7:5), 6:4

Янович (Польша) — Берлок (Аргентина) — 6:1, 6:4

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
201

Луис Суарес Барселона сапында ойын алаңына шықты

Уругвайлық футболшы Луис Суарес «Барселона» сапындағы ойыншы ретінде алғашқы ойынын көрсетті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Ол «Барселона» мен мексикалық «Леон» арасында өткен жолдастық кездесудің 76 минутында ойын алаңына шықты, бірақ, Суарес гол соғып, ерекшелене алған жоқ. Барселона мексикалықтарды 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Клуб ойыншылары: Лионель Месси, Неймар, Эль-Хаддади Мунир және Сандро Рамирес гол авторлары атанды. Еске сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты кезінде Л.Суарес итальяндық қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны үшін ФИФА оны төрт айға футболға қатысты кез келген іс-шарадан, одан қалды әкімшілік жұмыстардан да шеттеткен болатын. Алайда кейін ойыншының өзі және «Барселона» клуб басшығылы бұл шешімге қатысты шағым келтірген болатын. Осыған байланысты, Спорт істері бо…

0
0
235

Абель Санчес: Коттоның адамдары Головкинмен кездескісі келмейді

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес WBS тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның адамдары Головкинмен жекпе-жек өткізбеу үшін түрлі сылтаулар айтып жүр деп ойлайды. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды. «Менің ойымша Коттоның адамдары Головкинмен кездескісі келсмеді. Сондықтан да олар Головкин аса танымал емес, ол жекпе-жектен көп ақша таба алмаймыз деген секілді түрлі сылтаулар ойлап тауып жүр», — дейді Абель Санчес. Санчестің айтуына қарағанда, Головкин мен Котто арасындаңы жекпе-жекті көптеген адамдар көргісі келеді. «Менің ойымша, мәселе Коттода емес, мәселе боксшының артынан түрлі сылтау айтып жүрген адамдарда. Котто қазір Головкинмен жұдырықтаспайды. Ол 3-4 кездесу өткізіп, ашқа жинап алған с…

0
0
465