Су добынан Әлем кубогы: сербтер Черногория командасын айқын басымдықпен жеңді
Бүгін Алматыда су добынан Әлем кубогы ойындары басталды. Жарыстың бірінші күні Сербия құрама командасы Черногориялықтарды 9:3 есебімен тізе бүктірді.
Бірінші кезеңде Сербия командасы қарсыластарын 4:0 есебімен жеңді. Екінші кезең екі команда үшін де аса шиеленісті жағдайда өтті. Бірақ, соған қарамастан сербиялықтар екінші кезеңді 3:2 есебімен өз пайдаларына шешті. Үшінші кезең де сербиялықтардың басымдығымен өтті. Есеп 3:2
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Орталық жүзу бассейнінде 19-24 тамыз аралығында ерлер арасындағы ұлттық құрама командалардың қатысуымен Халықаралық суда жүзу федерациясының (FINA) Әлем кубогы ойындары өтуде. Әлемдегі ең мықты деген 8 ұлттық құрама команда кубок үшін бақ сынасады.
Автор: Жаппарберген Айбота

