Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Алтынбекова Тайвань модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Тайваньның модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартты, — деп хабарлайды Vesti.kz жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 17 жастағы сұлу спортшыға ірі сауда орталықтарының, соның ішінде, Breeze Center-дің ресми тұлғасы болуға ұсыныс айтылған, бірақ ол бас тартып отыр. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекова екі аптаның ішінде Интернеттің жұлдызына айналған еді. Ол жастар құрамасының Азия чемпионатына қатысуы кезінде танымал болды. Турнирдің ең әдемі волейболшысы атағы — спортшыға көрсетілген азғана құрметтің бірі. Бұған дейін Алтынбекованың Қазақстанда (Ақкөл қаласында) фан-клубы пайда болғаны хабарланды. Мұндай фан-клубтар Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Таиланд пен Тайваньда да бар. Әлеуметтік жел…

0
0
310

Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов «Астана» ПКСК-ні басқарды

Белгілі қазақстандық шаңғышы, Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры қызметіне тағайындалды. «В. Смирновты барлығыңыз жақсы білесіздер. Оның халықаралық олимпиадалық комитеттен жинаған үлкен тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ халықаралық биатлоншылар одағының вице-президенті болған. Ол біздің шақыруымызды жерге тастамай, келіп отыр. Енді бүгіннен бастап жаңа қызметіне кіріседі», — деп атап өтті «Астана» ПКСК қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дархан Қалетаев. Оның айтуынша, В. Смирновтың мол тәжірибесі «Астана» клубының брендін халықаралық аренада оң қырынан таныта алады. Өз кезегінде В. Смирнов «Астана» клубының спорт әлемінде өзіндік орны бар маңызды құрылым екенін атап өтті. «Астана» ПКСК-да Астананың жаңа брендтерін жасап, оларды әлемге тан…

0
0
355

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Челябинскіде 25-31 тамыз аралығында өтетін әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшылар есімін атады, деп хабарланды ҚР Дзюдо федерациясының сайтында.

Құрама тізімі:
Меруерт Иманғалиева (48 келіге дейін)
Олеся Куценко (52 келіге дейін)
Севара Нишанбаева (57 келіге дейін)
Зәмзәгүл Файзолақызы (63 келіге дейін)
Дильбар Өмірәлиева (70 келіге дейін)
Альбина Амангелдиева , Зарина Раифова (78 келіге дейін)
Зарина Абдрасулова (78 келіден жоғары).

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
203

Украина хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Украина хоккей федерациясының атқарушы комитеті 2015 жылы бірінші  дивизионның А тобында хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тарту шешімін қабылдады, деп хабарлады РБК.

«Өкінішке қарай, біз Донецктегі хоккейді тамашалауға келетін шетелдіктерді елдегі саяси қысымнан қорғап қаламыз деп айта алмаймыз. Сондықтан хоккейден әлем чемпионатын өткізу ұсынысымызды қайтарып алу шешімін қабылдадық», — делінген Украинаның Халықаралық хоккей федерациясына жолдаған мәлімдемесінде.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
211

Астанада Спорт күні атап өтілді

«Дәулет» ұлттық теннис орталығында астаналықтар мен елорда қонақтары «Спорт күнін» атап өтуде. «Барша қазақстандықтарды «Спорт күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саламатты өмір салтын қалыптастыруға үндеген сарабдал саясатының арқасында біздің елімізде спортқа айрықша көңіл бөлініп, аталған сала жан-жақты дамып келеді», — деп атап өтті салтанатты шараны ашқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Оның айтуынша, Елбасы Жолдауындағы 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау министрлік үшін стратегиялық маңызы бар басым бағыттағы шаруа. «Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылға дейін республика елді мекендерінің 5…

0
0
322

НАНКИН-2014: Бауыржан Жауынтаев Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Бауыржан Жауынтаев

Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды дзюдошы Бауыржан Жауынтаев салды.

Бұл туралы Vesti.kz жазады.
Бұған дейін 55 келіде ел намысын қорғаған жүрген қазақстандық  балуанның түркиялық дзюдошы Огузан Карачаны жеңіп, жоғары рейтингі бойынша ақтық сынғажолдама алғанын жазған болатынбыз. Финалдық бәсекеде ол әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлимен белдесіп, басым түсті.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
318

Аламан бәйгеден республикалық турнирде 160 тұлпар бәсекеге түседі

Астана қаласының маңында 14 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының ХV жылдығына арналған 43 шақырым қашықтық бойынша аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді. Турнирге республикамыздың 14 облысы, Астана мен Алматы қалаларының әрқайсысы 10 бәйге аттан қатыстыруға рұқсат етілген. Яғни, бұл аламан бәйгеде Қазақстан бойынша қатаң іріктеуден өткен 160 тұлпар бәсекеге түседі деген сөз. «Алтын тұлпар» турнирінің ережесі бойынша, бәйгеге аттардың барлық тұқымдары қатыстырылып, жасы 12-ден асқан шабандоздар жарысқа жіберіледі. Шабандоздың сонымен бірге атты басқаруға икемі бар, арнайы дайындықтан өткен және ата-анасының заңды рұқсаты болуы керек. Жарыс ережесінде бекітілгендей, бәйгеге қатысушы қыркүйек айының 8-не дейін өтінім беруі тиіс. Бәйге бағдарламасы бойынша 13 қыркүйек күн…

0
0
351

Туды Абылайханға тапсырдық

Қытайдың Нанкин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстап шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігіне сілтеме жасап. «Байрақты бәсекеде еліміздің Туы маған сеніп тапсырылғаны — мен үшін үлкен қуаныш. Туды сеніп тапсырғаны үшін алғыс айтамын және сенімдеріңізді ақтауға тырысамын. Жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан спортшылары жоғары дайындықпен және мықты құраммен бара жатыр. Жанкүйерлерді жарқын жеңістермен қуантамыз деп ойлаймын», — дейді боксшы Абылайхан Жүсіпов. Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 1997 жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Ол 8 жасынан бокспен айналысады. Абай Құнанбайұлы атындағы №5 гимназия мектебінің түлегі. Шаршы алаңда…

0
0
210

«Ордабасы» ФК бұрынғы президенті бес жылға бас бостандығынан айырылды

«Ордабасы» футбол клубының бұрынғы президенті Қайсар Әбдрайымов және клубтың бұрынғы Жүсіпбек Бартекеев бес жылға бас бостандықтарынан айырылды, -деп хабарлайды Timeskz.kz. БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, клубтың бұрынғы президенті клубтың бапкері, қылмыс әлемінде зор абыройға ие Бартекеевқа бес миллион теңге айлық төлеген. Жүсіпбек Бартекеев клуб қатарында бапкер міндетін атқарып, Әбдрайымов президент болып тұрған кезде ақша алып тұрған. Тергеушілердің айтуна қарағанда, «Ордабасы» ФК қызметкерлері жалған бухгалтерлік құжаттар жасап, өзге де қаржылық алаяқтық жасаған. Қылмыстық іс сеніп тапсырылған үлкен көлемдегі дүние-мүлікті заңсыз меншіктеу фактісі қозғалды. Сотталушы Бартекеев, құқық қорғау органы мәліметі бойынша, бұған дейін қаруды өзімен бірге заңсыз алып жұргені, сақтағаны және…

0
0
344

Шахматшы қыздарымыз Бүкіләлемдік олимпиадада үздік ондықтың қатарына енді

Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Тромседе аяқталған Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының қорытындысы бойыншы үздік ондықтың қатарына енді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Олимпиаданың соңғы күнінде отандастарымыз Чехия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Кездесу барысында Гүлісхан Нахбаев Кристина Хавликоваға жеңілсе, Динара Сәдуақасова Каролин Олсарованы, Жансая Әбдімәлік Ольга Сикорованы, ал Гүлмира Дәулетова Тереза Олсарованы жеңді. Бұл олимпиада барысындағы Қазақстан әйелдер құрамасының сегізінші жеңісі. Осылайша қоржындарына 17 ұпай салған қыздарымыз Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының алтыншы орынына жайғасты. Әйелдер арасындағы бірінші орынды Ресей құрамасы (20 ұпай: 10 жеңіс, 1 жеңіліс) алса, екінші орынға Қытай құрамасы (18 ұпай: 8 жеңіс, 2 тең нәтиже, 1 жеңіліс) жайғасты. Үшінші орын а…

0
0
209